“Coca-cola” шәрбәтінің дәмін білерсің, Ал қалай дайындалып,қандай зиян әкелетінін білмессің!

Кока-коланы өндiру тарихы. Бiлгеннен кейін қайтіп ішкің келе ме?) Коланың құпиясы да осында: ішкен сайын, одан әрі ішкің келе береді...

P.S. Түркияда оның жасалу жолын білгеннен-ақ коланың әкелуіне мүлде тыйым салынды. Бұл сусынды АҚШ-тың солтүстік штаттарында жол полициясы авариядан кеінгі асфальттағы қанды жуып кетіру үшін қолданады екен. Коланың құрамына фосфор қышқылы кіреді, ал ол тырнақты түгелімен ерітіп жібере алады. Егер бұл сусынға бір тілім етті салып жіберсе, 2 күннен кейін ол тіпті жоқ болып кетеді. Егер кола адам тырнағын, шикі етті, киімдегі, тіпті асфальттағы дақтарды кетіре алатындай күші бар болса (бәріміз де жақсы білеміз, керемет мықты химикат-қоспаларсыз ол мүмкін емес), ендеше ол адам ағзасына енгеннен кейін БІЗБЕН не қылмақ?! О_о

"Coca-Cola" деп аталу себебі де жайшылық емес. Оның логотипін керісінше жазып оқығанда, арабша мағына беретін маңызды сөздер жасырылған. Оның аудармасы: "La Mohammed = Мухаммеда жоқ, La Mecca = Мекки жоқ" болған. Ендеше, әлі есің барда, бауырым, харам суды ішпе... 

=

 

 

Кока-кола



Кока-кола ─ сергітетін алкогольсіз сусын, көптеген елдерде кеңінен тараған; The Coca-Cola Company компаниясының өнімі; 2006-2010 жылдар арасындағы әлемдегі ең үздік бренд болып саналады

«Кока-кола» сусынын 1886 жылдың 8 мамыр айында (Джоржия штатыАҚШАтлантада ойлап тапқан

Тарихы

Авторы – америка Әскери конфедерациясының офицері болған, фармацевт Джон Стит Пембертон (Кока-коланы бір фермер ойлап тауып, рецептін Джон Ститке 250$ сатқан, ол жайлы Джон Стит өзінің сұхбаттарының бірінде айтыпты деген аңыз бар).

Сусынның атауын көркем жазуды меңгерген Пембертонның есепшісі Фрэнк Робисон, осы уақытқа дейін сусынның логотипі болып табылатын «Coca-Cola» деген сөзді әдемі бейнелі әріптермен жазып, ойлап тапқан. Кока-коланың негізгі ингредиенттері: кок жапырағының үш бөлігі (осы жапырақтардан 1859 жылы Альберт Ниман (Albert Niemann) ерекше компонентін бөліп алып, кокаин деп атаған) және кола тропикалық ағашының бір бөлігі. Пайда болған сусын «кез келген жүйке бұзылуына» емдік дәрі ретінде Атлантадағы Джекоба қалалық дәріханасында сатыла бастайды. Ол кезде кокаиннің адам денсаулығына зиян екені анықталмағандықтан, тыйым салынған заттек болып табылмайтын. Сондықтан кокаин еркін сатылымда болып, оны ләззат алу үшін спирттің орнына сусынға жиі қосып отыратын болған. Бастапқыда сусынды күнделікті орташа есеппен 9 адам сатып алатын болған. Алайда кока-коланың танымалдығы мен кірісі де біртіндеп өсе бастады.

1888 жылы Пембертон сусынды шығару құқығын сатып жібереді. 1892 жылы «Кока-коланың» құқығына ие болған кәсіпкер Аса Григгс Кэндлер кока-коланы өндірумен айналысатын «The Coca-Cola Company» компаниясының негізін қалайды. 1902 жылы кока-кола 120$ ақша айналымымен АҚШ-тағы ең танымал сусындардың біріне айналды. Ағылшын жазушы-фантаст Герберт Уэлсстің «Тоно-Бэнге» романы кока-коланың жарнамасы мен таралуына сатиралық туынды ретінде ұсынылады. 1890 жылдардың соңына қарай кокаинге деген қоғамның пікірі теріс айналып, 1903 жылы «New York Tribune» газетінде кока-коланы ішкен қаланың лас шеткері түпкірлеріндегі негрлер ақ нәсілділерге қарсы шабуыл жасағандығын айтып, кока-колаға кінә тағады. Содан кейін кока-колаға коканың жас жапырақтарының орнына, «сығылып», бар кокаині жойылған бөліктерін қосады. 1894 жылдан бастап шөлмектерде, ал 1955 жылдан бастап қалбыр ыдыста сатылатын болды.

Кока-кола КСРО-да және Ресейде

1915 жыл дизайнер Эрл Р. Дин 6,5 унциялы жаңа шөлмек ойлап табады. 1955 жылы кока-кола 10,12 және 26 униция көлемінде сатыла бастады. 1988 жыл]ы «Кока-кола» КСРО бойынша сауда нарығына шығады. 1979 жылы «Кока-кола» компаниясының сусындары алғаш КСРО-да Мәскеудегі Олимпиада ойындарына дайындығы барысында пайда болады.Кока-кола 1999,2000, 2002, 2003, 2004, 2005, 2006, 2007, 2009, және 2010 жылдары «Жыл Өнімі» ұлттық сыйлығының лауреаты болады. Қазіргі уақытта «Кока-кола» компаниясы 190-ға жуық ұлттық Олимпиада комитеттері, сонымен бірге Ресей Олимпиадалық комитетімен бірлесіп қызмет атқарады.

Әлемдік спорт қозғалысын қолдаушы

1960 жылы Токио қаласында өткен олимпиадада «Кока-кола» Токио және Жапониядағы тегін қала карталары, қаланың көрнекті жерлері мен көше көрсеткіштерін басып шығаруды мойнына алады.

1979 жылы «Кока-кола» АҚШ-тың Ұлттық олимпиада комитетінің Америка олимпиадалық атақ залының құрылуына қаржылық көмек көрсетеді. 1987 жылы «Кока-кола» Ұлттық олимпиада комитетімен келісімге қол қойып, Лозанн қаласындағы олимпиадалық мұражайының алғашқы демеушілерінің бірі болады.

Әлем футбол чемпионатын қолдаушы

1992 жылдан бастап «Кока-кола» компаниясы олимпиада алауының эстафетасын ұйымдастырушы және демеушілерінің бірі болып табылады. 1974 жылдан бастап «Кока-кола»ФИФА-ның ресми серіктесі, ал 1978 жылдан бастап футболдан әлем чемпионатының ресми демеушісі. 2010 жылы футболдан әлем чемпионатында Претория қаласында әлем бойынша 250 жасөспірімдерді жинап, балаларға арналған лагерь ұйымдастырады.

Денсаулыққа әсері

Кока-коланың құрамындағы ортофосфор қышқылы адам ағзасындағы кальций тапшылығына әкелуі мүмкін.ейл Сэндлер бірнеше зерттеу жүргізудің нәтижесінде фосфор адамның қанының құрамындағы кальций тұзын көбейтіп, бүйректе тас пайда болуына әкеліп соғатынын дәлелдеген.

Баламалы қолданыстары

Кока-коланың құрамында ортофосфор қышқылы болғандықтан, татты жоя алады. Сондай-ақ кока-кола шәйнектегі қақты кетіруге пайдаланылады.Ақтөбе қаласындағы «Диапазон» газеті 2009 жылыҚазақстанның ең таза қаласы болып есептелетін Орал қаласында Жеңіс алаңын Кока-коланың көмегімен тазалап шыққанын хабарлайды.

Сусынның құрамы

Сусынның әр нұсқасының құрамы әртүрлі болып келеді. Ол әсіресе диеталық нұсқасында аз мөлшерде кездесетін көміртекке байланысты. Мұнда «классикалық» нұсқадағы просто Coca-Cola нұсқасы берілген.

Сусынның компоненттері:

қант көміртек диоксиді (Е290) бояғыштар: қант коллері (Е150), кармазин (азорубин) (Е122) ортофосфор қышқылы (Е338) кофеин табиғи хошиістендіргіштер Тағам құндылығы Энергетикалық құндылығы 42 ккал Ақуыздар 0 Майлар 0 Көмірсулар 10 мг Натрий <11,0 мг Калий 1,0 мг Кальций 4,0 мг Магний 1,0 мг Фосфор шамамен 17 мг

Өнімді дайындау технологиясы өндірушілер тарапынан қатаң құпия сақталады.

Қызықты айғақтар 2011 жылы National Geographic телеарнасы Coca-Cola сусынының зауытын, оның жұмыс істеуі мен дайындау құпияларын көрсетті. 1989 жылы Coca-Cola Мәскеудегі Пушкин алаңына өзінің сауда маркасын еңгізген ең алғашқы шетел компанияларының бірі болып саналады.

«Coca-Cola-ның» ең үлкен белгісі Арика қаласында орналасқан. Белгінің ені ─ 122 метр, биіктігі ─ 40 метр. Ол «Coca-Cola-ның» 70 мың шөлмегінен тұрады.

 

Кока-кола қалай жасалады?

 

<object width="640" height="385"><param name="movie" value="https://v.kiwi.kz/v/zg55s4lq8hf2/"></param><param name="allowFullScreen" value="true"></param><param name="allowScriptAccess" value="always"></param><embed src="https://v.kiwi.kz/v/zg55s4lq8hf2/" type="application/x-shockwave-flash" width="640" height="385" allowFullScreen="true" allowScriptAccess="always"></embed></object>



Бөлісу: