Cезім мұңы...

Cезім мұңы...
жеке
блог

Сезім мұңы...

Мына жалған дүниеде әр пенденің жүрегінде ерекше сезім болатыны ақиқат қой! Ал, Жүрегімдегі сол сезімге селқос таныткан да сенсін... Маған арнап бірде-бір жыр арнамадын деп өкпелеуін орынсыз еді, себебі сен менің жүрегімнің түкпіріне бір рет үңіліп қарасан, сен одан том-том болып жинақталып жаткан жырларды оқитын едін, ешбір жанға көрсетпеген, ешбір жерге жарияламаған, ешбір адам көре алмаған жырды көрер едің ғой... ал енді неліктен былай деп себебін сұрар болсан, саған берер жауабым: жүрегіме сақтаганым, ешбір жанның көлеңкесі түспесе екен дедім, ешбір жерге жарияламағаным, ешкімнің назары түспесе екен дедім,ешбір адам көре алмағаны, олардың көздері мені сенен кызғанбаса екен дедім.
Жарығым, сен енді мына менің көзіме,өзіме,сөзіме де өкпелеме! Мен енді келместің кемесіне мініп кетіп барам, барар бағытым белгісіз... Жүрегіме сезімнің мұңын арқалап енді сенімен кезікпес үшін, осы күйге қайтадан түспес үшін, жолдарымыз екіге бөлініп кетті. Махаббаттың мұңын жүректерге тұмар еткен алғашкысы да, соңғысы да біз емеспіз...тәтті бір түске еніп, ұйыктап кетсем ғой,шіркін! Киялдардың әлеміне саяхаттап қайтар едім,мен ол жақта бақыттың кұшагында,сезімге толы жүрегімдегі жырымды өмірімнің иесі саған арнап оқып берер ем, мына жалған дүниенің бақытына жете алмаған біздер, ең болмағанда қиялдарда бірге мәңгі болайықшы деген сертімізді бір-бірімізге беріп үлгерсек болар еді! Ояна келе бұлардың жай ғана тәтті түс екенін білу де ауыр екен...Саған арнап жаза берсем назымды, жүрегім көтере алмайма деп қорқам! Махаббатқа сенім арткан жүректеріміздің келесі өмірде жолығуын тіледім! Мен сені сол мекенге барып тосатын болам... Үзілмеген үмітімнің жібін жалғап келеріне сенем!