Cарқылмас сағынышыммен...
блог
Өмірдің біразы өтіп, азы қалған екен, расында. Араға үш жыл салып бірінші рет мамыр айында ауылға сапар шектім.
Бұл сапар бұрынғылардан еркеше. Несімен дедім өзіме. Ерекшелі көп, ойлансам. Ауылда әдейілеп жаяу жүрдім. Жан-жағыма көз тастадым. Алғашқы кездерде ештеңені байқамайды екенмін, сөйтсем. Адам деген қарапайым дүниелерге емес, алыстағы армандарға қол созып, қарапайымдылықты ұмытады екен-ау. Қаншама ауылға келсем де, бұрын соңды мән бермеппін. Төлегеннің сағынып алмай шығушы болма сапарға дегені рас екен. Мен әбден сағынған екенмін, ауылымды.
Жаяу жүріп көшеде жас қыздар мен ұлдардың ойнап жатқанын көрдім, жүрегім су ете қалды. Ұзақ қарадым, бәрі де мәз, соншалықты таза мөлдір, олар. Бір-бірімен шүйіркелесіп, шынайы қуанып жатыр. Ойларында еш арамдық, зұлымдық жоқ. Бәрі де сондай табиғи, бәрі де сондай шынайы. Жасандылық жоқ, мүлде таппайсың. Көзіме жас үйірілді, сөйтсем, балалығымды қатты сағынған екенмін. Шіркін-ай мен де барлығын тастап ойнасам ғой осылар сияқты. Өз өзімді әрең ұстадым, жандарына барғым келді. Бірақ балалықты, жоқ өзгенің балалығын бұзуға еш болмайды.
Ауылдың ауасын жұттым, терең ойға баттым. Не деген кереметтілік. Не деген әсемділік. Аулаларды араладым, шуласқан балалар, әңгіме дүкен құрған үлкендер. Бәрі де қарапайым. Ешкім асығысуды ойламайды. Бәрінің дегені, тілегі ортақ. Тоймай қалдым, тағы жүрдім туған жердің топырағында. Сағынған екенмін, туған жерімді. Неге ғана, мән бермедім екен, бұрында. Білмеймін әйтеуір асықтым ғой кетуге туған жерден. Алып шаһар Алматыға асығып, туған елдің қадірін білмеппін, сөйтсем. Не таптым асыққаннан десейші. Ештеңе де. Ия, оқу дейміз, өсу дейміз. Бірақ, адам деген әр нәрсенің қадірене жете бермейді екен-ау. Кешір мені, туған жер, қадіріңді кеш түсініппін. Саған деген махаббатымның өлешмін, өзге жерде сезінгендігім үшін. Өзіңнен алыстап, өзге жерге кетуге асыққаным үшін.
Кешір мені, ауылдастарым. Өздеріңнен жырақтап, өзгелерді аңсап, кеткендігім үшін. Сендерден өзге, сендерден жақсы адамдар табамын дегенім үшін. Кешір мені, достарым, сендерді бағаламай, болмашыға ренжіп, басқалармен дос боламын дегенім үшін. Кешір мені. Барлығыңда кешіріңдер. Сендерді сағынып қалыппын, көзімнен аққан әр бір жас сендерді сағынғанымды білдіреді. Есейіп, балалығымен қоштасқанымды білдіреді. Ауламның, ауылымның соншалықты ыстық, тамаша екендігін енді ұқтым. Жо-жоқ, сағындым ғой бұрында да, бірақ бүгінгі естеліктер, бүгінгі сағынышым өзгеше. Сұмдық, жылағым келеді, жылаймын да, бірақ, әттең сендер енді маған ешқашан оралмайсыңдар, білем.
Мұнда бәрі таныс, таныс көше, таныс аула, таныс адамдар. Бәрінен қашушы ем, ал бүгін өздеріңді көруге асықпын. Сендегі махаббат, сендегі достық бәрінен биік өйткені. Алғашқы ең алғашқы тәтті сезімдерім, ең алғашқы ғашық болуым, ең алғашқы достығым, ең алғашқы айырылысуым, ең алғашқы көз жасым, ең алғашқы сатқындыққа дейін сенде өткен, туған жер. Мен сені жаныммен сүйем, сендегі бар жаратылысты сүйем. Ал енді қош бол. Қимаймын сені, сендегі мен үшін қымбат адамдарды қимаймын. Бірақ мен ораламын уәде берем, ізгі армандарыммен, тілектеріммен, ең бастысы саған деген сарқылмас сағынышыммен.
Гүлжан Серік