CАПАЛЫ БІЛІМ - УНИВЕРСИТЕТТІҢ БАСТЫ ҰСТАНЫМЫ

  Қазақ Ұлттық аграрлық университеті - Қазақстанда ашылған тұңғыш ауыл шаруашылық саласындағы жоғары оқу орны. Университет тарихына көз жүгіртсек, оның қалыптасуы мен даму тарихы ел экономикасының өркендеуімен тығыз байланысты. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру және Қазақстанда алғашқы совхоздарды құру кезеңінде ауыл шаруашылығы өндірісін ғылыми тұрғыда жетік басқара алатын кәсіби білікті мамандарға қажеттілік туындады. Сондықтан да 1929 жылы Алматы зоотехникалық малдәрігерік институты, ал 1930 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институты құрылған болатын. 1996 жылы сәуірде Қазақ мемлекеттік аграрлық университеті болып құрылды. 2001 жылы 5-шілдеде Ұлттық мәртебеге ие болып, Қазақ Ұлттық аграрлық университеті болып атауы өзгертілді. Отандық ауыл шаруашылығы білімі мен ғылымының көшбасшысы - Қазақ ұлттық аграрлық университеті 2020 жылы 90 жылдығын атап өтті. Осыған орай ҚР Үкіметінің қаулысына сай ЖОО Ұлттық зерттеу университеті мәртебесі берілді.                                                           Қазіргі уақытта оқу орнымыз инновациялық бағытта әлемдік талаптар бойынша ұлттық зерттеу университетіне трансформациялану жұмыстарын жүргізуде. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей анықтауымен Ұлттық университет статусын абыроймен арқалап келе жатқан оқу орнының жеткен жетістіктері аз емес. Республикамыздың болашақ агрокешен мамандарын даярлайтын іргелі білім ордасы болғандықтан, еліміздің ауыл шаруашылығының потенциалы да біздің оқу орнын бітірген мамандардың біліктілігіне тікелей байланысты десем артық айтпағандығым. Бұл саланың мүмкіндіктері мен жетістіктеріне қарап, ел экономикасын бағамдауға болады.                                                                                                                                              Университет Ректоры, ҰҒА вице-президенті, Тілектас Есполов өз сұхбатында: "Университеттің қызмет ету жылдаранда еліміздің аграрлық секторының дамуына қомақты ұлес қосқан және қосып келе жатқан 140 мыңнан аса білікті мамадар дайындап шыққан. Соның ішінде 2 Кеңес Одағының Батыры мен 25 Социалистік еңбек Ері, 70 Жоғары Кеңес пен Қазақстан Республикасы Парламентінің депутатттары, көптеген көрнекті академиктер, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғылым және агроөндіріс кешенің басшылары, 11 мыңнан астам докторлар мен ғылым кандидаттары және бүкіл Қазақстанды әлемге танытқан айтулы азаматтар бар", - деген болатын.                                                                                                                         Жаңа ғасыр қоғамды қайта құру жағдайында Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы басты міндеттердің бірі – ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру ісін дамыту және жетілдіруді басты мақсат етіп отыр. Сонымен қатар университет жастарының білім алу барысында тек отандық ғалымдарымыздың дәрістерін тыңдатумен ғана шектелмей, шетелдің беделі жоғары, танымал ғалымдарын арнайы дәріс оқытуға шақырып, жиі тәжірибе алмастыруға ден қойып отыр.                                                                                                               Бұл жоғары оқу орнының білім мен ғылым дамуына қосып отыр­ған үлесін беделді халықаралық ұйымдар да атап көрсетуде. Жүйелі жұмыстың нәтижесінде университет 9 халықаралық және ұлттық рейтингтерде лайықты орын алды. 2018 және 2019 жылдары QS әлемнің үздік университеттері рейтингінде оқу орнымыз 651-орынға ие болды. Соңғы бір жыл ішінде университет үлкен серпіліс жасап, 60 сатыға көтеріліп, 591-орынға ие болды. Ендігі мақсатымыз – 2024 жылға қарай QS-400 рейтингімен әлемдік деңгейдегі университет болу.                                               ҚазҰАУ жанындағы Қазақстан-Жапон инновациялық орталығында және университетіміздің 6 ғылым-зерттеу институты мен 31 зертханасында шетел ғалымдарымен бірлескен жобалар жүзеге асырылып отыр. Ауыл шаруашылығы саласында ықпалдасу мақсатында құрылған Қазақ-Корей инновациялық орталығында «Жасыл технологияларды» дамыту мәселелері зерттелуде. Қазіргі кезде ауыл шаруашылығы өнімдері және азық түлік сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін Ұлттық орталық құрудың алғышарттары дайындалу үстінде.                                                            Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың өз қолынан I ДӘРЕЖЕЛІ «БАРЫС» орденімен марапаталуы, университетіміздің болашақта одан әрі дамып, еліміздің дамуына сүбелі үлес қоса алатынының айғағы деп білемін.                                                                                                                                                  Қазақ Ұлттық аграрлық университеті ғылым, білім беру мен инновацияның орталығы ретінде жаңа технологиялар мен инновациялық әдіс-тәсілдерді алдағы уақытта да жоғары деңгейде енгізіп, қалыптасқан Қазақстан Республикасының дамуына айтарлықтай өзіндік үлес қосып, ең үздік, әлемдік деңгейдегі университеттер қатарынан орын алатыны анық. Мұндай қарқынмен еліміз алға қадам жасап, дамыса, Елбасы айтқандай ХХІ ғасыр Қазақстанның алтын ғасыры болады.       

Күлмесканова Самал

Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің аға оқытушысы,

тарих магистрі

 

                                        

      

                                                                                           



Бөлісу: