«Астана» арнасында «Саған сенемін. Мой лучший» бағдарламасының сегізінші саны жарыққа шығуда. Бұл бағдарламада еліміздің ең танымал әрі батыл ерлері жеміс шырынын дайындап, ет түрлерін анықтап, садақпен нысанаға атуға дейін барады.
Мысалы, «МузАрт» тобының белді мүшесі Сәкен Майғазиев – садақ атуды үш мүмкіндікте-ақ үйреніп алды. Сәкеннің жары – Динара ерінің аз уақыттың ішінде садақ атуда нысанаға дәл тиіп, 10 ұпайға ие болады деп сенімділік танытты. Сәкен сенімді ақтай алмағанымен, 8 ұпайлық нысанаға тигізіп, жақсы нәтижеге қол жеткізді.
Сонымен қатар, бағдарламада Өмірқұл Айниязов жары Фаридамен, Сиви Махмуди жары Аңсармен бірге бақ сынады. Композитор Мақсат Ынтықбаев өмірлік жартысы Ақбота Ынтықбаевамен бағдарламаға қатысып, өздерінің үлгілі, тату отбасы екендіктерін дәлелдеуді жөн көрді.
Өмірқұл Айниязов 1 минут 30 секундта баланы киіндіріп үлгере ме? Сивидің жары Аңсар неліктен Көкшетау қаласындағы «Жұмбақтас»-ты танымай қалды?
Осы және басқа да сұрақтардың жауабын жексенбі күні, сағат 19.00-де «Астана» телеарнасында «Саған сенемін. Мой лучший» теледуманын көру арқылы ала аласыздар. Думан ертеңін еріне тапсырған, отағасының орманын қорғаған нәзік жандылар туралы. Барым сенің жолыңда, болашағым қолыңда, батырым, саған сенемін! - дейді олар. Бұл жобада ержүрек әрі батыл, өжет ерлер бақ сынайды. Олар ештеңеден қорықпайды! Олар келеді, көреді, жеңіске қол жеткізеді!