Сағынышқа айналған адам - бақытты!
Өмір - сағыныш. Сағыныш та керек жұмырбасты пендеге! Сағына білуде бір ғанибет... Сағынышқа айналған адамым бар менің, ол - Айкерім! Өмірде Айкерімдер көп-ақ, мен ұнатқан, мен сүйген Айкерім - жалғыз!
Сағыныш пен күз егіз. Адам баласы тек күзде сағынышқа, сары уайымға беріледі.Күзге айналар жабықсаң жасыл әлем... Күз - сағыныш. Күз - қиял бағы. Күз - өлең. Нағыз элегиялық өлеңдер күзде туады. Күз - сағыныштың сазына айналған ән. Күз - құстар әніне толы мезгіл. Күз - жүрек толғанысы. Күз - жапырақ-ғұмырдың қиылуы.
Сағыныш - аңсаған арман, мазаңды алған. Сағыныш - сары әлем. Сағыныш - мұң. Көз ұшынан сырғып, мөлтілдеген лағыл жас. Жанарымнан жас тамып, жүрегім сағыныштан езіліп, терезеге қарап телміріп, әлдебіреуді күтем...
Айкерім деген аруды өмірімде үш-ақ рет көрдім. Алғашында Алматының Гоголь көшесіндегі ҚазМемҚызПУ . Екінші рет Ұлттық кітапхананың оқу залында. Үшінші рет Алматы-1 теміржол вокзалында. Бар болғаны осы! Жүрек деген осыдан кейін жаралы. Көз сүріндірер небір сылқымдарды кездестірдім. Бірақ, ешқайсысы Айкерімдей бола алмады! Ең сорақысы, ең өкініштісі - осы. Әр күнімде қиялдағы, жүректегі аруымды еске алып, сары уайымға беріліп, өлеңменен тілдесем. Содан бері Айкерім - жүректің музасына айналды. Айкерім екеумізді тағдыр айырды. Ол екеуміз өмірдің жолайрығында таныстық.
Сонау 2011 жылдың күзі еді... Гоголь көшесі 114 үй. Хор қыздары білім алатын -ҚазМемҚызПУ Күздің соңғы күні. Көргенім - Айкерім. Содан бері мен үшін күз - сағыныш!
Елдос ТОҚТАРБАЙ