Cағыныш...

Көптен бері бұл сағынышты жүрегімнің түбіне салып қойып едім,сол бір сөздер келіп ойларымды қозғады. Иә, сағындым....

Сағыныш... есімді білгенен бері келе жатыр,сірә бұл сағынышты өзіммен бірге алып кетермін. 

Сезім.... оны толыққанды сезінбедім

Мейірім.... қанша жерден ол келіп төгілсе де маған аздық етеді

Махаббат... менің достарым да және ода да бар,тек мен де ғана жоқ

 

Қолымдағыны бәрін беруге дайармын,сағынышымды бір сәтке басуына.Өңешке жасырынған өкінішімді, балалық еркелігімді, жүрегімнің түбінде қалған наламды (налу) шығарып тастап еркін бір тыныстап сыртқа шығарып алып, ары қарай өмір ағысымен жүре беруден басқа амал жоқ.

Өліп қалсаңдарда, менің көңілімде үнемі тірі жүресіңдер. 

"Мешкей деген ат жаман" демекші, "жетім" дегенді кім ұнатсын. Осыдан біраз жыл бұрын көзіңді бақырайтып қойып "Әй , қу жетім" дейтіндерде болған. Сондай кездері оңаша жерге барып , ойыммен тау тасты, өзен бойын кешіп( сендерді іздейтінмін. Қамығып, торығып бір нәрсеге қысылған сәттерімде көз алдымда тұратынсыңдар. Жол таппай қиналған кезімде "Ақылшыларым болғанда қандай ақыл қосар" еді деп ойлаймын.Сендер туралы көзі көргендер айтқан әрбір естелік менің жадымда мәңгі сақталады, сендердің жақсы адам болғандарыңды естігенде төбем көкке екі елі жетпей тұрады. Міне "бір жығылып, бір тұрып, бір сүрініп,құлап" біраз жасқа келдім,неге екенін білмеймін әр кез қажетсініп іздеп тұрамын, қасымда болса ғой деп қиялдаймын. Менің әлі бала қиялдан әлі арыла алатын түрім жоқ.Біраз уақыыт екеуіңнің бірің болғандарыңда ғой  Е-е-еһ! Ес біліп, етектеріңе оралып емен жарқын бір еркелей алмадым-ау, шіркін! Көкейімдегі көп арманның бірі еді.

-Анашым

-ау балам (арман болып қалатын диалог)

 

-Әке

-ауу балам (осы диалогка жетуім керек)



Бөлісу: