«Beeline Қазақстан» компаниясы көкшетаулық балаларды мерекемен құттықтады

Кеше «Beeline Қазақстан» компаниясы 1 маусым балаларды қорғау күніне орай, Көкшетау қаласындағы есту және тіл кемістігі бар балаларға арналған №4 облыстық арнайы түзету мектеп-интернатында болып, балаларды «Шексіз мүмкіндіктер» ауқымды бағдарламасы аясында тегін желісіз интернетпен қамтамасыз етті.

Бұл шараға Астана, Алматы қаласындағы «Beeline Қазақстан» компаниясының PR менеджерлерімен қоса, журналистер мен блогерлер де атсалысып қайтты.

Астанадан келген қонақтарды мектеп тәрбиеленушілері күтіп алды)

Мектеп директоры Светлана Никулина мектептің ішкі өмірімен, балалардың жетістіктері мен қолөнер бұйымдарынан жасалған ескерткіш, бұйымдарымен таныстырып, келген қонақтарға экскурсия жасады.

Бұл білім ордасында Ақмола облысы бойынша жалпы саны 123 бала тәрбиеленуде.

«Beeline Қазақстан» компаниясының демеушілік жасауымен мектепте шағын ғана мерекелік шара өтті.

Тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер мерекеге орай шағын концерттік бағдарлама ұйымдардырған екен...

Балақайлар би билеп, ән айтып, ақындардың өлеңдерін оқып, қонақтарға тамаша көңіл-күй сыйлады.

Шара соңында «2Day Telecom» (Beeline) ЖШС-нің бас директоры Тұңғышбек Батталханов балаларды мерекемен құттықтап, арнайы сыйлықтарын тарту етті.

Сонымен қатар, балақайларға арнап, мерекелік дастархан жайылды.

Қаланың ең әсем жерлерінің бірі. Фонтанның атқылау сәті.

Бұл балақай суретке түскенді ұната бермейтін сияқты)

Алмас Алтай мен Олеся Пинчук.

Көкшетау.

Қалының ең үлкен көшелерінің бірі. Көлік қозғалысы қуантып отыр)

Әжейдің ауласына су тікелей келмейтін көрінеді. Суды кранттан ыдысына толтырып алып кетіп бара жатқан сәті.

Ал Астанадан келген қонақтар мерекелік концерт аяқталғаннан соң, Көкшетау қаласының әсем жерлерін аралап, естелік суреттерге түсті.

 

 

 



Бөлісу: