"Beauty жігіттер"

"Beauty жігіттер"
жеке
блог

  Көшеде кетіп бара жатқан адамдарға тесіліп,шүйліге қарау менің табиғатымда жоқ нәрсе.Бірақ соңғы күндері кейбір адамдар мені еріксіз өздеріне қарататын болды.Оларды көре сала менің ойым астаң кестең,күні бойы төбемде ойнап жүрген "настроением"носкиден бір шығады.Әйтеуір бойымды ашу ма,ыза ма,кек па, осылар сияқты бірдеңе кернеп жынданып кете жаздаймын.

  Ол қандай адамдар дейсіз ғой,адамдар болғанда олар-кәдімгі қазақ жігіттері,жігіт болғандада жігіт атауынан жұрдай,жігітке тән қасиеттен безгендер.

 Менің оларға назарымды аударатын олардың жабыстырып киіп алатын шалбарлары.Оны көргенде мен "леггинсы" киген қызды көргендей боламын.Аяқтары бұратылып,қыздан бетер майысқан жүрістері Шакираны шаңында қалдырады.Жанындағыларға бірдеңе түсіндірмекші болып,оңды солды сермеген сүйрік саусақтарын көргенде, "бишінің саусақтары сірә осылай майыса алар ма екен" деген ойға берілемін.Олардың "прическаларынан" тауық пен папугайдың айдарын көрем.Кейбіреулерінің құлағы шұрық тесік,оны көргенде алтыатар мылтықтан қалған орны ма дерсің...

 Айта берсем мендегі оларға тағар сын көп ақ.Стильге жақындар әр адамның өзінің стиль бар деуі мүмкін,бірақ мәселе  стильмен ғана шектеліп қалсағой...

  Өзіме опа далап анау мынау сатып алмақшы болып "Beauty" дүкендерінің біріне кірген едім.Сөредегі тональный кремдерге көз салып тұрғанымда,кеңесші қызды жетектеп 20  жас шамасындағы жігіт "-менің бетіме сәйкес келетін түсті таңдап беріңізші, "Bourjois" болса тіпті жақсы" дегенде аузымды ашып қалдым.

    Осындай жағдаймен екінші рет сұлулық салонында жолықтым.Иә,дәл солай,маникюр жасатып отырған жігіттерді көргенімде...

blogblogg

 

  Тепсе темір үзетін қазақтың нар тұлғалы жігіттері деген ұғымды бұзып,қазақтың нәзік тұлғалы жігіттері атанғандарға қатты қынжылып,олар үшін қатты ұяламын.Олар жайлы түсінік менің миыма да сыймайды.Оларды көрсем болашағынан түңілген қазақ халқының күйін кешем.Мен оларды көргенде сұрапыл майданға ерлерін аттандырып,қолдарына күрек алған аналардың бейнесі керісінше әйел затын майданға аттандырып,қолына күрек ұстап егіле қоштасқан майысқақ жігіттер елестейді.Мен оларды көргенде күллі қазақ жұртымның болашағы үшін қорқамын...