BALA | Kazakh adoptees in the USA

Адамға жақсы әсер ететін  фильмдер болады. Кейбір киноларды сонша мақтаған кезде сен көргенде сондай бір әсер сыйламайды, ал бір фильмдер адамды бірінші көргеннен жаулап алады. 

Бүгін қазақстандық фотограф, режиссер түсірген Кана Бейсекеев "BALA | Kazakh adoptees in the USA" фильмін қарап шықтым. Шыны керек, толық метражды кино болмаса да көңіліме біраз ой салды. 


Миымда қалыптасып қалған қалыпты ойларды өзгертті. Жақсы нәрсені көру арқылы, оқу арқылы адам өзін тәрбиелейтіні анық. Мына фильмді қарап шыққан кейін шетелдіктердің қазақтың баласын асырап алуы туралы ойым өзгерді.

Иа, басқа ұлт өкілі асырап алса не болыпты? Олар өз елінде ешкімге керегі болмай, балалар үйінде күндерін қараңғы төрт қабырғада өткізгенше осылай оларды сүйетін, оларға жақсы өмір бере алатын адамдармен бірге тұрғаны дұрыс. Кейбір біздің қазақтардың ойларына жыным келеді, не өздері көмектесе алмайды, не өзгеге көмектесуге мүмкіндік бермейді. 

Мүмкін, олардың түсінігі, тілі, діні өзгеретін шығар. Бірақ олар қайдан екенін, қазақ екенін біледі. Қалап жатса тілді үйреніп алар. Қазақстанда жүріп қазақ тілін білмей жатқандар қаншама? 

Әрине, мұның бәрі маңызды емес. Түбіне келген кезде адамның бақытты болуы ғана маңызды. Бастысы баланың мұңайып, сарылып тастап кеткен ақымақ әке-шешесін күткенше оларға әкелік-шешелік махаббат сыйлап, оларға қамқор болатын адамның қасында барлығы. Бастысы балаларға тек сондай сезім сыйлай алатын мейірімді адамдар ғана оларға жолықса екен. 

Фильмде бастысы өмір бар. Сол мейірімге толы өмірді көре отырып өзіңнің де жүрегіңнің бір бұрышындағы сезімнің оянуы. Осындай өмірді көріп отырып, сенің де сондай бір жақсылық жасауға құлшынысыңның артуы фильмнің жеткен мақсаты. Сондай бір жарқын әлемде өмір сүргім келетініне ұмтылу. 

P.S. Кана, сенімен бір кезде бірге шай ішіп, on.kz бірге блогтар жүргізгеніме қуанам. Әрине, сен мені танымассың, бірақ сенімен мақтанатыныма сенгін. 



Бөлісу: