Күні бүгінге дейін әлемдегі ең сапалы бренд деп білетін смартфон сөзсіз iPhone сериялы гаджеттер болатын. Кез-келген адамның оған қызығушылық танытпауы мүмкін емес сияқты еді. Ендеше IT-нарықтағы техно гаджеттерін өндіретін компаниялардың бір-бірімен жарыса өнімдерін жаңартып әрі дамытып шығарып жатқандары, сапа көрсеткішіне әсерін тигізбей қоймайды екен. Мысалы, айта кетсек, ең басты бәсекелестер Samsung пен Apple компаниялары нарықта өз есесін біріне-бірі дес берер емес.
Samsung-тің үлкен дисплейлі смартфондары сатылымға шыққанда компания оның барысын бақылай алса, соңғы кездері силикондық бренд өз абыройынан кенде қалатын секілді. Себебі Apple компаниясының осы жылғы өнімі әлемнің ең басты назарында болып отыр. Елдің бәрі ресми дүкендердің алдында кезекке тұрып өзінің сапалы смартфонына тезірек ие болуға асығады. Қалғандары онлайн түрде тапсырыстар беріп, жеткізу қызметін тағатсыз күтуде екен. Ал компания басшылығы биылғы тапсырыстардың рекордттық деңгейге жетіп отырғандығынан, тапсырыстарды өз уақытында жеткізе алмай жатыр.
Сондай-ақ, Apple ағымдағы жылдың соңына дейін жаңа iPhone 6 смартфонының (екі нұсқасының) 80 миллион данасын шығаруға бел бұған. Әрине осынша өнімді шығаруға қытайлық серіктес компаниялар көмекке келеді. Қытайдың Foxconn компаниясы жылдағыдай жұмыс істегенімен, бұл жыл тапсырыстар реті көбейіп, оның шығу уақыты да қысыл-таяң мезетте болғандықтан үлегере алмау үстінде. Жұмысқа еңбек күші жетпей жатқаны туралы да қытайдың ақпарат көздері қайта-қайта жазып жатты.
Бір қызығы, Apple-дің ең басты өнімі Қытай аумағында келесі жылға дейін сатылымға шықпайтын болыпты. Компанияның ең үлкен нарығы болған Қытай елінің өкіметі смартфонның сапа тәртібінен өтпегенін мәлімдеп, территорияда сатуға шек қойған. Мүмкін олар да осының шет жағасын анықтай алған болар.
Ал қарбалас уақытта жылдам әрі сапалы етіп өнім шығару оңайға соқпасын білеміз. Оған қоса, жаңа iPhone-ның дисплейі үлкейіп, оны тағы бөлек жапондық компания арнайы тапсырыспен жасап жатыр екен. Сондай мұхит артында әмбебап түрде құрастырылып жатқан смартфондар Apple сапасына жауап берері де шамалы екеніне өзіміз куә болып отырмыз.
Жаңа смартфонның сатылымға шығысымен әр түрлі техно гаджеттердің сарапшы мамандары оның физикалық әрі функционалдық қуатын тексеруге асығатыны да бар. Жуырда смартфондардың тұтынушының қалтасында жүріп қайта қалпына келмейтіндей майысып қалып жатқаны туралы да ақпаратты есіттік. Сапа төмендегені деп осыны айт. Ал компания баспасөз қызметі осы секілді арыз-шағымдарға жауап қататын еш әрекет жасап отрыған жоқ. Себебі ақталатын ештеңесі де жоқ. Сериялы смартфондардың сапасы енді бұрынғыдай емес.