15 сәуір − Ғашықтар күніне орай Мassaget.kz сайты "Сүйіктіңе алма сыйла" атты жаңа бастама қолға алған еді. Яғни жігіт қызға шынайы сезімін білдіріп, қызыл алма сыйласа, қыз жігітке көк алма тарту етеді. Осы үрдісті әрі қарай жалғастыру мақсатында «Apple мәзір» атты байқау ұйымдастырмақпыз. Байқаудың басты ережесі бойынша мәзір құрамында алма болуы керек немесе алманың бейнесін жасау қажет. Ол тағамды өзіңіздің сүйіктіңізге, ең жақын құрбыңызға немесе досыңызға арнап дайындасаңыз болады.
Байқауға қатысам деушілерге бірнеше идея ұсынбақпын. Интернеттен көптеген мәзірлер табуға болады. Сондай тағамдар мен әдемі безендірулерді жасау бәріміздің қолымыздан келеді деп ойлаймын. Ендеше, төменге көз жүгіртіңіздер.
Жидектермен толтырылған алма. Байқау ғашықтар күніне орай ұйымдастырылғандықтан, жүрекпен безендіру де артық болмайды.
Алманы карамельмен қаптап, мұз кәмпиттер жасау.
Алма мен қамырдан раушан гүлін дайындау.
Кез келген тортты немесе бәлішті алмамен безендіру.
Алма қосылған дәмді бәліш.
Алма қосылған торт.
Алмадан салат.
Алма қосылған жеңіл сорпа.
Алма бейнеленген печенье.
Алма қосылған құймақ.
Алма қосылған бәліш (пирожки).
Бұл тек тағамдардың кейбір түрлері. Өзіңіз анаңыздан, әжеңізден, таныстарыңыздан естіген мәзір жасап көрсеңіздер болады. Ол интернетте жоқ тағам болуы да мүмкін. Бастысы байқаудың ережесінен ауытқымаса болғаны. Бағыңызды сынап көріңіз! Сәттілік!