Android быратан

Android быратан
жеке
блог

Заманына қарай аты өзгерген ағамның сыныптасы. 1983 жылы дүниеге келгенде азан шакырып қойған аты Қалдыбектің сол заманғы саясаттың "құрбаны" болып Андроп атанды. Үйдегілер айтып отырады сол 80 жж «Андропов» деген арақ болған. Алдыңғы күні күндіз үйде шай ішіп отырғанда ағамның қалтафонына біреу қоңырау шалды. «Алло» деп жауап қатқан ағам Андроп сен ба? десе, үйдегі інім Андроидпа дегені))) Сөйтіп, қазіргі техника дамыған заманда аты тағы өзгеріске ұшырап Андроид атанды))))))

Ауылда қызықты аттар көп. Мысалы Бақыт деген есімді алайық. БІздің ауылда Бақыттың түрі көп: "Қызыл Бақыт", "Қара Бақыт", "Арам Бақыт" және тб атымен жапсарлас кете береді осылай. Ол кісілерді осылай атамасаң танымайды. Қай Бақыт? деп. Тағы, ҚызҚалдыбек, МұзҚалдыбек деген кісі аттары бар. Негізі ат қоюға шеберміз ғой, содан жаңылдырмасын!