A'lemdik o'rkeni'etke jol as'atyn a'lipbi'

Елбасының "Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру" атты бағдарламалық мақаласы жарық көргелі бері жер-жерде көптеген жұмыстар қолға алынды. Солардың бірі - латын әліпбиіне көшу мәселесі. Бүкіл жұрт болып талқылаған соң Нұрсұлтан Назарбаев латын әліпбиіне көшу туралы Жарлыққа қол қойды. Республика бойынша xалық көп шоғырланған Алматы облысы осы тұрғыда белсенділік танытып келеді. Осыған дейін Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы өңірдегі барлық аудан, қалаларды аралап, тұрғындардың пікіріне құлақ түрді.

Талдықорған қаласының Тіл сарайында тіл мамандары, зиялы қауым өкілдері бас қосып, атқарылған жұмысты тағы бір пысықтап алды. «A'lemdik o'rkeni'etke jol as'atyn a'lipbi'» атты дөңгелек үстелде қатысушылар ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Сондай-ақ, жаңадан шығарылған «Latyn a'lipbi'inin' qoldanyly'y» деп аталатын кітапша жиынға қатысушыларға таратылды. Дөңгелек үстелде сөз алған Алматы облыстық "Жетісу" газетінің бас редекторы Әміре Әрін былай деді:

Латын әліпбиіне көшу арқылы Қазақстанның әлем өркениетінде беделі артып, терең тариxы жаңаша сыр шертеді. Сондықтан үлкен, кіші болсын іс-шаралар руxани жаңғыруымызға зор ықпалын тигізері анық. Ең бастысы Жарлыққа қол қойылды. Ендігі кезекте әліпбидің қолайлы нұсқасын қабылдау тапсырмасы тұр. Шараны ұйымдастырушылар осы тұрғыда үлкен, кіші демей бірауыздан қолдау біліріп, нәтижелі жұмыс атқаруға шақырды.


Бөлісу: