"Alash Pride" әлі-ақ әлемді бағындырады.

Ережесіз жекпе-жек. Бұл қазіргі таңда біраз жанның өмірлік серігіне айналған спорт түрі. Біреу даттайды, біреу жақтайды. Кім не десе де қазақ ұландары жоғарыдан көрініп жүрген спорт түрі екеніне дауымыз жоқ. осыдан бір тәулік бұрын қазақ спортшылары әлемнің спортшыларымен күш сынасып, қазағымның атын тағы бір аспандатты. Жалпы 10 кездесу өтті. Командалық есеп теңбе-тең. Алғашқы боп күш сынасқан қазақстандық Арман Оспанов пен әзірбайжандық Вугар Мамедовтың ортасында өткен ұрыста қазылардың шешімімен жеңіс отандасымызға бұйырды. қарсылық білдірушілер де аз болмады. Әйтсе де қазылардың шешіміне ешкім карсы келе алмасы хақ. Кім не десе де, Арман өзіміздің қанжығамызды майлады. Алаңға екінші боп қадам басқан ресейлік Магомед Алхасов жерлесіміз Жұмабек уулу Ақтілекті жүлдесіз қалдырды. Бірақ Ақтілек сынды жас буын үшін бұл небары үлкен өмір мектебі. Оның бағындырар белестері алды екеніне сенімдіміз. Жақында ғана Мәскеуде өткен жарыста қарсыласын бірнеше секундта ұйықтатқан Ермек Тлауовтың қарсыласы Иммамали Осман Надир алаңға дейін сенімді шыққанымен жеме-жемге келгенде қаймықты ма Вугар Мамедовтың жеңілісіне келіспейтіндігін желеуретіп ұрыстан бас бартты. Ал Кылычбек Саркарбоев украиналық Евгения Деньщиковқа бірінші раунда-ақ өзіне тең қарсылас емес екендігін анық білдіріп, бірден жеңісті өз қолына алды.  Жерлесіміз Шахвалат Юсубов үмітімізді ақтамады. Грузиялық Гоча Смоянға есесін жіберді. 77 келіге дейінгі салмақта ресейлік Мариф Пираевтың жерлесіміз Ақсақал Құсайыновты жеіңп кеткені көрермен қауымды одан әрмен жасытқаны рас. Салмақ өлшеу барысында қарсыласы Зүбайраға қоқан-лоқы көрсетіп үлгерген атақты "Найманның" жеңілгенін көргенде басқаны қайдам, өзімнің жігерім құм болды. Бірақ бұл спорт, бұл жарыс. Бірде жеңіс, енді бірде жеңіліс... "Найман"азулы қарсылас. Бір жеңілісі үшін жерден алып, жерге салғанымыз жөнсіз болар. Оның алар асуы бұдан да биік асқарлар екеніне шүбәміз жоқ. Қуаттың қуаты біразға барады. Дмитрий Шаповалды Асулан Тоқтарбаев небары 34 секундта бірнеше соққымен қалың ұйқыға жіберді. Сірә, украиналық боксшы енді қазақстандықтарға қарсылас болу қиын екенін ұққан болар.  Кештің басты жекпе-жегі Расул Мирзаев пен Ержан Естанов арасындағы ұрысты көрермен секунд санап күткен болатын. Бірақ Ержан қарсыласын жете бағаламады ма әлде бақ шаппады ма, бабы мықты Ержанымыз бізге жеңіс сыйлай алмады. Өкінішті... Соңғы, күллі қазақтың үмітін арқалап, алаңға Қайрат Ахметов қадам басты. Бірнеше жеңіліс өрекпіген көңілімізді су сепкендей басып тастаған біз бар үмітімізді Қайратқа арттық. Сірә, арқадағы жүкті сезінген болар, "Қазақ" атты лақап есімді отандасымыз бірінші раундта қарсыласының есін жиғызбай, айқасты тоқтатуды сұрауға мәжбүр етті. Онымен қоймай сегізбұрыштың жоғарысына шығып ап, қаражорға билеп, елді бір серпілтті. 

 Кешегі өткен кездесудың ұзын-қысқасы осы. Алаш ұлдары өздерінің әлсіз қарсылас еместерін тағы бір дәлелдеді деп білемін.  



Бөлісу: