APLLE үздік бестіктер қатарында

Міне қызық, 2014 жылдың ең ауқымды компьютер өндірушілері анықталды. Аналитикалық IDC агенттігі үздік бестіктің қорытындысын жариялады. 2014 жылы жалпы 80 млн компьютер техникалары сатылған болатын. Солардың ішінде оқ бойы озып шыққан LENOVO компаниясы. Ол 2013 жылы да дәл осы тізгінді ұстап тұрған. LENOVO 2014 жылғы көрсеткіш бойынша 59,2 млн комьютер сатқан. Бір жылда көрсеткішін 10%-ға өсірген. Қазіргі таңда нарықтың 19,9% осы компанияға тиесілі. LENOVO Еуропа, Таяу Шығыс, Африка және АҚШ секілді елдерде сұранысқа ие. Екінші орында америкалық НР компаниясы. Ол 2014 жылы 15,9 млн компьютер сатқан. 3 орынды америкалық DELL компаниясы еншілеп отыр. Ол 2014 жылы нарықта 10,8 млн компьютер сатқан. DELL компаниясының ноутбугі Жапонияда үлкен сұранысқа ие. Төртінші орын АCER компаниясына бұйырды. Тайвандық бұл компания 2014 жылы хромбук пен бюджеттік компьютерлерді көптеп сатылымға шығарды. Бестікті америкалық ірі компания APLLE корпарациясы аяқтайды. IDC-дің мәліметінше APLLE 2014 жылы 5,75 млн ІМас компьютерін нарықта сатып үлгерген.



Бөлісу: