"A Family Man" - жұмыс пен үй ортасындағы өмір
блог
Бүгін барлық кинотеатрларда «A Family Man» / «Охотник Уолл-стрит» фильмінің көрсетілімі басталады. Драма жанрында фильмнің бас кейіпкер рөлін атақты Джерард Батлер сомдайды.
Фильм желісі бойынша, рекрутинг агенттігінің маманы Дэйн Дженсен басшылық қызметке ауысу мақсатында талмай еңбек етеді. Таң атысынан кештің батысына дейін ол бар уақытын жұмысында өткізеді. Бар мақсаты – бәсекелесін басып озу, бастық болу! Бақталастыққа жол берген ол үш баласы мен жұбайын ұмытқандай. Жұмыс пен үй ортасында жүгірген Дэйн Дженсеннің бір күнде тауы шағылады. Себебі, тұңғышы оба ауруына ұшырайды. Сол сәттен бастап оның өмірі өзгереді. Кез келген уақытта ол ұлынан айырылуы мүмкін.
Бастық болу немесе баласын аман алып қалу. Басты кейіпкер екі ортада қалады. Басшы болу жолында ол біраз қиындықтарға тап болады. Басшылық тарапынан үлкен талап бар. Ал ұлы болса, әкесінің жанында болуын қалайды. Дәрігерлер де қымбат дәрілерден өзге балаға ата-анасының мейірімі молынан керек екендігін айтады.
Шынымды айтсам, мен фильм көзіміз үйренген сценарий бойынша түсірілген деп ойладым. Бірақ, фильмді көрген кезде ойым өзгерді. Себебі, басты кейіпкердің жұмыс пен үй ортасындағы өмірін көрдім. Оңай емес. Бір жағында жұмысың, бір жағында ауру балаң. Жұмысты тастап кетейін десең болмайды. Себебі, жұмыстан тапқан табысың отбасыңды асырауға кетеді. Ал балаңа мейірім керек. Балаң жаныңда болғанын қалайды.
Фильм көруге тұрарлық. 10 ұпайдан 10 ұпай берер едім. Алдын ала көрсетілімге шақырған «Meloman» және «Bekmambetov Cinema» компанияларына алғыс білдіремін.