Күзетші

Бір ғимарат, іші толған адамдар,

Ал солардан солақай бір адам бар.

Ол-күзетші, мен жай ғана жұмысшы

Жан-жағында көрген  затты бағамдар.

 

Ол-күзетші, жүзі нұрлы қара көз,

Қыз секілді маңғазданып айтар сөз.

Дөңгелек бас, меңі өзіне жарасқан

Серілерден ірікеліп қалған көз.

 

Еріксізден тіл байланар айталмай,

Мұндай күйді сезіндірген жан қандай?

О,Құдірет! Үйді емес мына жан

Жүрегімді күзетіп-ақ тұрғандай....

 

Таныспадым... «тежегіш» боп қалдым-ау,

Сірә,сонда, тілді жұтып алдым-ау?!

Өзге емес, сені көрсем үнемі

Мен бейшара болам солай сорлылау.

 

Көзге көздер түйіссе бір-үнсізбін,

Байқадың-ау, сен дегенде жансызбын.

Талай хан мен карольдарды жылақан

Ұлы сезім алдында мен әлсізбін!

 

Қандай қиын:енді сені көрмеймін,

Қарғыс атқыр, сезімімді көмбеймін!

Сен туралы бір-ақ нәрсе білемін-

Күзетшісің. Ұят, атыңды білмеймін.

 

Бес күндік пе, білмейм, сезім мәңгі ме?

Жанарымда тұрар бейнең мәңгіге,

Қара бала, неге ерексің өзгеден

Енді сенсіз өкен күндер мәнді ме?

 

Қыздарға жат сезім айту бірінші,

Ал мен айттым, енді  болма күлуші.

Кербезденіп, көтере алмай  өзіңді

(мен қызғанам), болма  әркіммен  жүруші.

 

Осы хатта қалсын сезім ызғарым,

Бір жасартып, бір қуанттың-ризамын.

Бір ай көріп, бір-ақ рет тілдескен

Әдемі емес, сол тентек қыз-Лизамын!



Бөлісу: