Өзім жайлы айтсам

Калайсыздар! мен массагет сайтына кеше ғана тіркелдім енді өзім жайлы айтсам: жалпы мен Атырау облысы Ганюшкино селосынан боламын, Аты-жөнім Әміржанов Арман 1994 жылы туылғам. Бірақ қазір Атырауда жұмыс істеймін, бос уақытымда видеомонтаждармен компьютермен айналысамын, Нақтырақ айтқанда шағын программистпін. Отбасым жайлы айтсам акем анам атам бір інім және бір қарындасым бар. Өзім жалпы Құрманғазы аграрлы-техникалық колледжді бітіргем. Әншілік өнерім бар мектепте колледжде көптеген сайыстарға қатысып жүлделі орындар алғам, суретшімін, сәулетшілік өнерімде бар, арасында ақындық шабытым келіп қалады. Жалпы өзім арманшылмын әртіс болғым келеді, режиссер болғым келеді. Әрине бұның бәрі қолымнан келгендіктен армандаймын ғой. Бала кезімде суретші болғым келді, бірақ маңдайға жазбаған шығар суретшілік оқуына түсе алмадым. Содан  ЭЕМ оператор мамандығын оқып алдым, Қазір компьютерлік жұмыстармен айналысамын. Бәрінен бұрын видеомонтаждағанды қатты жақсы көремін. 3 жыл бойына сол видеомонтаждармен айналысып келдім. Әліде айналыса беремін. Міне өзім жайлы осы!   



Бөлісу: