Мен сені сағындым

Мен сені сағындым
жеке
блог

Мен сені сағындым...
Алматы сынды алып шахарда тұрсамда сен кеткелі адамдар арасындағы жалғыздық жаныма қатты батып жүр.Сенімен жүрген көшелер,саябақтар,барлығы, барлығы көрген сайын көзіме оттай басылады.Жанымнан жырақтасаңда,жадымнан алыстамадың қанша уақыт өтседе сүп-сүйкімді келбетің,сөздерің,санамда сайрап тұр.Көңілдегі күрсіністі,кеудемдегі жұлқынысты жанымдағы досымда,сыраханадағы ащы суда баса алмай келеді.Әттең сол кезде бір аптаға жоғалмағанымда ғой,бәрі басқаша болатын еді.Бірақ...Бірақ,тағыда сол бірақ еххх тасташы бәрін,біреуді-біреу түсінетін заман ба? қазір.Не де болса өмір заңы осы, кездесу бар жерде, қоштасуда болары хақ.Бәрі де уақытша өтеді, кетеді, тек өзегіңді өртеген өкінішпен, сағымдай бұлдыраған сағыныш қана қалады қасыңда.СЕН ҚАЙДА КЕТТІҢ БЫЛТЫРҒЫ ҚЫСТЫҚ ЕТІГІМ...