Елдің қамын жемеген нанын жемесін!

Елдің қамын жемеген нанын жемесін!
жеке
блог

Елдің қамын жемеген нанын жемесін… Иә, бүгінгі таңда елі үшін қызмет етпей,өз қара басын ойлайтын, бойында «эгоизм» қалыптасқан жандар аз емес.Олар елі үшін емес, өздері үшін өмір сүреді.Әрине,өзін де ойлаған дұрыс.Ойласын… Бірақ бірінші орайда,өз елінің дамуына үлес қосып, келешегі кемел, болашағы жарқын болуы үшін адал қызмет етсін! Алайда кешегі шындықты бетке айтып,әділдік жолын ұстанған Қонаевтай көкелеріміз бүгінде жоқтың қасы.Ондай асыл ерлерімізді таппайсың қазір.Керісінше,өз басының қамын ойлап, халықтың есебінен күн көріп жатқан жемқорларды көресің.Әсіресе, билік басындағы жоғары лауазымды ағалар… Олар сұхбат бергенде бетперде киіп, жасандылық танытады.Халық үшін еңбек етіп жатқандай сөйлейді бір...«Жемқорлыққа жол жоқ!»дегенімен, жай ауыз ғана бұл сөздерді айтып жатқан.Ал шын мәніне келгенде, оны да өздері бастайды.


Қазіргі кезде жұмысшылар жалақысын жеп,қаншама адамдар жылап жатқанын көріп, естіп, біліп жүрміз.Қанша арыз жазып қудалағанымен, онысынан түк шықпайды.Бір-бірінің сөзін сөйлеп, ауызжаласқандар бұқара халықтың көз жасына қалай қарасын?! Енді ойлап қарасаңыз, халқын ойламаған адам өз елін қалай ғана дамытамын дейді?! 
Менің бұл сөздерім үкіметтің үстеліне түспесе де, сіздердің ойларыңызда жүреді деген сеніммен ойымды былай қорытындылағым келеді: Елі үшін жан аямай кәсіп қылған,өз Отанын шексіз сүйген азаматтар ғана билік басында отыруға лайықты.Ал елін емес,өз қара басын ойлайтындарға айтарым: Елдің қамын жемеген адам нанын да жемесін!