Жазғы демалыс.демалыс, қызықты күндер

Амансыздар ма? Қазақ жұрты!!! Бұл тақырыпты жаңа қозғап жатқаныма таң қалып жатқан боларсыздар. Әйтсе де мен жаңа қолданушы болғандықтан үлгере алмадым. Тақырып:Жазғы демалыс.Тақырыпқа көшейін! Жаз ең керемет сәттердің, қызыққа толы қыдырулардың мезгілі. Өзім жаз айын ұнатқандықтан жазып отырмын. Әуелі өзімнің жазғы демалысым жайлы жазайын. Мен жыл сайын жазғы демалысымды Ел Ордасы Астанада өткіземін. Әркім туған жеріне асығады демекші мен де туған жеріме жүрдек пойызда түрлі ойға батып асыға жетем. Астана күні менде ең ерекше тойланатын мереке. Ел жұртпен бірге түрліше концертке барып қарық боламыз! Осы жылы Астана қаласында «Хан Шатыр»да тегін торт таратылды тортты емес бір-бірін жеп қоярдай болды жұрт))) Айта берсең таусылмайтын қызықты күндер еді...Жазғы демалысымның жартысы шопингпен өтті) Анам екеуміздің базар аралайтынымыз, модаға сын көзбен қарайтынымыз бар. Сөйтіп «3 айлық» демалыс өтті де кетті. Демалыстың соңғы күндері мектепке дайындық болып ұласты. Нәтижесі: жаздық демалыс орташа дәрежеде;)

  Ал сіздер қайда болып, қандай қызық өткізгендеріңізді айта отырыңыздар! Алдағы демалыста қайда боласыздар? Демалыстарыңыз қызықты өтсін!



Бөлісу: