«Астана Ақшамы» газетінің редакциясына алғыс айтамыз!

 

2013 жылдың қараша айының 14 жұлдызында, «Оқушылар сарайында» елордамыздың еңселі басылымы «Астана ақшамы» газетінің 23 жылдық тойына орай «Тіл жанашыры – тірегіміз» атты концерттік-акция өткізілді. Мерекелік шараға зиялы қауым өкілдері, астаналық ардагерлер, тұрақты оқырмандар және  Еуразия ұлттық университетінің студенттері қатысты. Шара барысында көрермендер арасында танымдылық-интеллектуалдық викторина ұйымдастырылды. Түрлі сұрақтарға жанылмай жауап берген жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар тарту етілді. Біразы газетке бір жыл тегін жазылу сертификатына ие болды.  Олардың бірі мен едім.  Бүгін анам жұмыстан келе жатып пошта жәшігін қарай салған екен. Жаңа жылдан бері жарыққа шыққан төрт газетті қуанышты жүзімен үйге алып кірді.  «Астанада жүргеніңде сәлемің секілді болып, сауатымызды ашып тұратын болдығой ботақан», деп ризашылығын білдіріп жатыр. Ата –атанамызбен «Астана ақшамы» газетінің редакциясына алғысымызды айтамыз. Тың шығармашылық табыс,  ұзақ ғұмыр тілейміз, асыға күтіп оқитын тұрақты оқырмандар саны арта берсін.

 



Бөлісу: