Массагетке бардым № 2

Өөөййй мынау тағы да барыпты ғой жыртаң-жартаң етіп деп отрыған шығарсыздар ренжіп, (Қызығып.... қызғанып). Иә тағы да бардым, тоесть бардық, Мақпал Сембай екеуіміз. Ол барғысы келмеген ұялып, мен қоймай алып бардым. Ұялсақ бірге ұялайық деп.  Шынымды айтайын ба, бейне бір көптен көріспеген, сағынысып қалған  құда-жекжаттарға қонаққа барғандай күй кештім.  Бас құдағиларға үш жерден пица қойды. Алма, мандарин, шай.... все дела....

Жігіттері өте сыпайы екен. Қыздарын төрге отырғызып өздері төмен отырды. Сәния қақ ортаға отырып шәй құйды.  Мәәә Массагеттің қыздарын айййй, сондай нәзііік Сәния да, Анар да, Айгерім де. Үлбіреп тұр ғой, красавицалар. Олардың жанында өзімді «грубый» сезініп отырдым. Жақсы отырдық негізі. Ананы-мынаны бір айтып. Тек шыққан соң сездім. Жақ сүйегім кәдімгідей шаршап қалыпты. Сонда ғана көп сөйлегенімді аңғардым. Негізі құдағилар ұялып, 100 грамнан кейін ләкілдеуші еді, мен қонаққа ішіп «дайын күйде» барғандай болдым ғой.   Бірден байқалды  Фараби, Мейіржан, Шерхан, Ардақ, Өмірбек, ой кешіріңіздер ӨмірГек, Әкежан, Нұржігіт, Ақбоз бәрі  салмақты екен. Соңғы үшеуі бізбен шәй ішпеді, жұмыс орындарында қалып қойды. Бірақ бізді сыртымыздан байқап отырғандай күй кештім.)))) Арекең полиглот екен. Екеуміз бір-бірімізге сөз жарыс жасадық па, әлде ол маған сөз бермеді ме, мүмкін мен сөйлетпедім бе, общым аузым ауырыыыып қалыпты.


Құдай бұйырса бір күні Массагеке бардым № 25,26,27 деп кете беретін сияқты. Бірақ ол кезде мәтіні басқаша болады. Примерно: «Массагетке бардым. Бәрінің қабағы шытулы, ешкім елемеді. Мен шай ішіп бөлмеде отырдым, ешкім жақындамады» немесе Массагетке бардым №50 Мәтіні: Массагетке 50 –інші рет келдім. Охрана кіргізбеді. «Сізге кіруге қатаң тыйым салынға» деп қояды))) Міне осылай болады. Тошна айтам.

Қалжың ғой. Көп бара бермеспін.Шошымаңыздар.

Бір өлеңімде айтқанымдай:

Көңілдімін шад-шадыман пішінде

Дұшпаныма күлкі болмас үшін де

Қайға мұңы жоқ екен деп ойлама

Барлық қайғым сол күлкінің ішінде


Короче артық сөйлесем ренжімессіздер. Барғаныма қуанып қалдым. Сіздердің бар болғандарыңызға рахмет.  Бола беріңіздер, өркендеңіздер!!!



Бөлісу: