Смайликтер сөйлейді, сөйлейді де, "бүй" дейді...

Смайликтер сөйлейді, сөйлейді де, "бүй" дейді...
жеке
блог

      Бірнешееее уақыттар бұрын Массагетте жаңадан пайда болған смайликтер ендігі барша Массагеттіктер мен Массагет оқырмандарының көңілінен шыққаны рас. Дегенмен де, осы бір көңіл-күйді жеткізетін "БАСТАР"-мен мен аса достаса алмадым. Дұрысы - дұрыс пайдалана алмай жүрмін. Мен оларды ұқпай, олар мені жақтырмай дегендей... Сонымен, ең алғаш "бастарды" көргенімде, не содан кейін де көрген сайын мынандай ойлар келеді. Ал, жазып көрейін. Асыра айтсам, не жеткіліксіз ұғыныңқы болмаса, айып етпессіздер. Бұл - тек менің ойым ғо).

:D - "аузымның суы құрып" немесе "мәссаған"... сондықтан "мәзбін"...

:) - "глі-глі". немесе көзіңді шұқып алайын ба" ... сонда "бәрі жақсы" болады...

;) - "тымпи, аузыңа құм құй" немесе "ал, не істеп аласың" ... мұнымды "жымиғаным" деп ұғарсың...

:( - "отым бетіме шығып" немесе "неге ылғи мееееен (?)"... "жұбатшы" мені...

:o - "әкесінің, шешесінің жаны соллл" немесе "келе ғой, келе ғой" ... құшағыма қысып, "рахметімді" айтайын...

:shock: - "ішің білсін, әгугәй" немесе "амал который" ... көзімнің жайнап тұрғанымен, "көңіл-күй төмен" ...

:? - "қызыл өрік, қызыл өрік" немесе "ботқа-ботқа қайда (!)" ... аузына нан салған "ән салады"... (наны бардың, әні бар)

8-) - "миым қайнап" немесе "туһ"... не туралы ойласам екен деп "ойландым"...

:lol: - "ғашықтың тілі тілсіз тіл, көзбен көр де" немесе тағы да "аузымның суы құрып"... "ғашықпын", қайтіп оны жасыра алам...

:x - айнаға қарасаң, осындайсың немесе тағы да "глі-глі" ... "мазақтағаным", сені өзім дегенім...

:cry: - "аузын ашса, асфальт көрінер" немесе "қасымды қозғамай, күле аламын" ... түк ұқпаған соң, "айқай салдым"...

:evil: - "әкел бетті, чөп-чөп еткізейін" немесе "иии, жаным соллл" ... түрінен сол, "сүйдім" ғо..


:!: - "тамақ(!)" немесе "бол, тез" ... қарным аш, сондықтан "ызалымын"...

:?: - "қарындасссс...(?)" немесе "мен сияқты бір қасыңды ғана қозғай аласың ба осылай"...  осылайша "гүл ұсынғаныма" ұялып...

:idea: - "ішім түйіліп" немесе "қызық-ай" ... байқасаңыз, "күлкіден жарылдым" деуге шақ қалдым...

:arrow: - "жұмыс (!)" немесе "тұра тұршы, а(!)" ... "ТРОЛЛЬ?"...

:| - "ұят-ай" немесе тағы да "ұят-ай"...  "мысқылдадым"......

:mrgreen: - "көзіңе көкеңді көрсетем" немесе (маған ұқсайды екен, а, әсіресе, қасы.. )) ... маған ұқсасасаң, "жарайсың" дееп па қж...)

:geek: - "мамаға айтпа" немесе "құпия" ... үндеме деп "үндеме"...

:ugeek: - "лә-лә-лә" немесе "ештеңе" ... ішім пысып, "еркеледім"...

Н.ғ.: Смайлик - көңіл-күйді виртуалды жеткізуге көп көмектесетіні рас. Ерігіп жазды дерсіз. Ойлап жүр ем негізі... Бірақ, Массагеттегі жаңа смайликтерді ең алғаш көргендеріңізде сіздерде де басқа ой болып, оларды басқаша қабылдаған шығарсыздар, ә?