Аққан жұлдыз - Валерий Харламов

Ең алғаш рет конькиді 5 жасымда киіп, өздігімнен үйреніп кеткен адаммын. Кейін ата-анам мені Б.Шолақ атындағы Спорт Сарайымен іргелес орналасқан "Олимпик" мұз айдынына апарды. Қазір ол спорт кешеннің орнында басқа ғимарат. Мұзда мәнерлеп сырғанап келе жатқанда жанымызда хоккей ойнауды енді үйреніп жүрген жас спортшылар алдымыздан шыға келетін. Олардың жылдамдығынан қорқатынбыз. Қағып кетсе, өлдің де қалдың. 

Негізі, хоккей спорты жақсы спорт. Шыдамдылыққа, жылдамдыққа үйретеді. Хоккейді теледидардан ғана көрмесем, аса білмейтін едім. Сол кезде алғаш рет хоккей ойынын көріп, қатты қызықтым. Ал хоккей жұлдызы Валерий Харламов есімі бала кезден таныс. Себебі, ол кісінің жетістіктері, толассыз еңбегі туралы жиі айтатын. Қазір де айтып келеді. Алғаш рет өзіме Харламовты осыдан 10 жыл бұрын аштым. Ресейлік телеарнанынң бірінен ол туралы деректі фильм көрсетілді. Оның өмірбаяны, спорт жолы, өлімі. Содан бері мен үшін Харламов ерекше сыйлайтын спортшылардың бірі.

Өткен жылы Харламовтың спорттағы жеңістері мен жетістіктері туралы "Легенда №17" атты фильм жарық көрді. Бұл фильмді өз басым асыға күттім. Кинотеатрлардан көрсетіле бастаған сәтте бір көргенде төрт мәрте көрдім. Міне, содан бері өтірік айтпасам, қырық рет көрген шығармын. Себебі, бұл кино көруге тұрарлық кино. 

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/Q0eSGNL8N-M?hl=ru_RU&version=3","width":"450","height":"330"});

Ал Харламов жайлы жазғанымның салдары бүгін ол кісі көзі тірі болса алпыстың алтауына шығар еді. Өкінішті-ақ((



Бөлісу: