Ми

Ми...

 

Ұйқыда иесінің көзін жұмып,

Мына ми қиналып жүр өзін буып.

Мені ойлап тыным таппай сандалады,

Түндерде құрақ ұша сезім қуып.

 

Ми біткен адамдарда осындай ма?!

Милары мендегідей ащынбай ма?!

Мұңымнан жастығыма тамып кеткен,

Сүртіп жүр, көрсетпей ми, жасымды айға!

 

Тағдырға үміт тастап құлшынып ем,

Кеудеме  сырымды айтып күрсініп ем.

Ми бәрін жүрген екен сезіп ылғи,

Жүректің хат алмасып дүрсілінен.

 

Мендік бас, ала алмаймын балағаттай,

Сол баста болып жатқан ғаламатты-ай!

Әлемнің жиып алып ақылдарын,

Мына ми ойланып жүр маған айтпай...



Бөлісу: