Маған қызық, Сізге білмеймін...

        Қызық болды. Маған қызық, Сізге білмеймін. Кеше түнде ертең, яғни бүгін «бәрі жақсы болады, мен «әйбат» адам боламын, бәріне үлгермесем де, «тырысамын», күнімді жақсы өткізіп көрейінші...т.б.» деген сынды «уәделермен»  ұйықтаған ем. Оятқыш шырылын ести сала, «сен тұр, мен тұр, тұр, бол, кешігесің, бес минут, әлі уақыт бар...т.б.» деп мен, жалғыз, өзім үшеуіз "ұрсысып жатып", әрең тұрдық. Демалыс күндері Медеуге барып біраз ойнағам ем қыздармен, өн бойым ауырып қалыпты, бір аяғымды екіншісіне тіреп, бір қолыммен жер таянып, екіншімен шашымнан өрге тартып... «бәріміз» тырысып тұрдық. Қойшы, сөйтіп, жұмысқа жетіп, сабағымды өтіп, әдетімше Массагетті ақтара бастадым. Телефоным есіме түсті. Мәссаған! Мені бәрі ұмытып кеткен бе? Азаннан бері тым құрығанда бір адам іздеуі керек еді ғой деп, телефонымды іздей бастадым. Сөйтсем, нөмерім істемей қалыпты, сондықтан телефоным үнсіз жатыр екен. Телефонымның үнсіздігін сағат он жарым шамасында аңғарған екенімн. Әртүрлі телефондарға қосып көрдім. Нөмерім істемейді. Екінші нөмерімді қоссам, бірнеше адам қоңырау шалыпты. «Не істесем» деп ойланып, тағы Массагетті ақтарып отыра тұрдым. Сыртқа шығып, нөмерді жасатып алайын десем, хатшы қыздың сабағы екен. Ол сабағына кетіп, мен орнына отыра тұруыма тура келді. Соның арасынша, «Мүмкін, бұл мен күнде тілеп жүрген белгі шығар? Осы нөмермен барлық мұңым, күзім бәрі кетіп, жаңа нөмермен жаңа өмір, көктеміңді баста деп тұрған шығар, ә? Бұл бекер емес. Расында, солай етсем бе екен?...т.б.» «қуған» ойлар келе бастады. Телефонымның жадысын ақтарып көрсем, көп нөмерлер сим картада сақталған екен. Ой, болмайды. Нөмерді жасатуым керек екен. Хатшы қыз он екі жарымда шықты. Ал, мен сағат бір жарымда екінші кезеңге кезекшімін. Сағат кешкі жетіге дейін. Бір жарымға дейін жасатып үлгеруім керек. Көшеге атып шығып, такси тоқтаттым. Бірден тоқтады алғашқысы.

- Төле би-Фурманов. Екі жүз.

- Үш жүз.

- Екі жүз.

- Үш жүз.

- Жоқ, екі жүз.

- Отыр(!). Неткен «принципиальный» адамсың. Қатып қалдың ғо.

- Мына тұрған жер ғой. Былай үш, былай екі көше.

        Жеттім. Рахметімді айтып түстім. Сөйтсем, билайнның орталығына келіппін. Маған актив орталығы керек. Шын ниетімен әкелмеген таксист ағай ақыры «айдалаға» әкеліпті. Кінә менен ғой. Неге екенін осы мекен-жай аузыма түскені. Жанталасып, жаяулатып, қоян болып (жанымдағы қыздың жол жүру билетін ала тұрғаным мұндай жақсы болар ма?!), әр автобусқа бір мініп, жол қысқартып, жеттім, актив орталыққа. Талон алып, кезек күтіп, сегіз адамнан соң жайғастым орындыққа, оператор апайдың алдына. Сағат кетіп барады. Кешіксем, ұрыс естіп қалармын. Жылдамдатып жөнімді айта бастадым. Жеке куәлігімді жасатуға бергендіктен, ол дайын емес еді. Паспортым үйде қалған. Жеке куәліктің ескісінің көшірмесін ала барғанымды қайтейін, жарамайды деді. Онысын мен де білгенмін. Бірақ жарап қалар деген үмітпен алып алғанмын ғо. Баяғы, сол қу үміт, қайда барсаң қалмайтын... десең, ә)) Қойшы, сонымен, жарамайды.

- Жасап бере алмаймыз, кешіріңіз. Тым құрығанда куәлігіңіздің жасалып жатқандығын растайтын түбіртек бар ма?

- Жоқ.

- Онда болмайды.

- Маған бұл керек. Соңғы нөмерлер, ішіндегі бірлік санын бәрін білемін.

- Түсінемін. Бірақ құжатсыз болмайды.

- Енді қайттім?

- Тым құрығанда, жаныңызға құжаты бар біреуді ертіп келсеңіз...

- Ой, қазір қайдан.

- Кешіріңіз, онда жасап бере алмаймын. Уақыты өткен. Жарамсыз.

- Түсініп тұрмын. (түсініп тұрмын бұл кісіні, себебі, қазақша сөйлеп тұр ма?, таң қалдым...таза қазақша, қж)... Мына сим картаны сіздің телефоныныңызға салып көріңізші, мүмкін қосылар... - деп сұрап көрдім.

Міне, ғажап! Істеп тұр! АКТИВ деп шығып тұр!

- Әкеліңізші, өзімдікіне қосып көрейін... Мәссаған! Істеп кетті! Әй, «нөмерім-ай», мұнша еркелер ме ең, адамды салпақтатып!?...

     Ал, жанталас басталды. Уақыт аз. Тез  жету керек жұмысқа. Тағы да қоян болып, межелі уақыттан бір минут кешігіп жеттім кезекшілік тағыма.

   Жарты күнім осындай қызықты өтті. Маған қызық, Сізге қайдам...) Енді, міне, отырмын, қызығыммен бөлісіп, ата-аналарды кіргізбей (расында, бөгде жандарды кіргізуге болмайды), «кірме, шықпа, тыныш отыр, қайда барасың, қандай сұрақ»... деп өткен-кеткендерге, аналарын күтіп отырған оқушыларға, сабақ арасында бос жүргендерге аздап сүйкімсіз болып... Негізі, кезекші болу соншалық қарбалас әрі сүйкімсіз сәт емес. Қарбалас болса, осыны жазып отырмас ем, иә?)) Ал, сүйкімсіздігім бұрыннан ғой...десем, ә?)) Мяя, көп "мыжып" кеттім бе? Ал, Достарым, күндеріңіз жақсы өте берсін!

Н.ғ.: ...таңертең жақсы көңіл күймен тұрып, жақсы ниетпен шықсаң, бәрі «әйбат» болатынан көзім жетіп жүр ... кейде...



Бөлісу: