Санта Клаус

Санта Клаус
жеке
блог

Жаңа жылды қарсы алдық.

Жаңа жыл. Иә дәл осы күнді отбасымызбен асыға күттік. Балаларым жаңа жылды аяз ата келеді деп күтсе ,ал менде бала сияқты 25 жасты күтіп жүрмін ғой. Ал жолдасым болса жаңа жыл жылқы жылы үйімізге атқа мінер келер деп күтіп жүр. Осылай отбасымызбен жаңа жылды қарсы алдық. Алдымен қыздарымның жаңа жылға дайындығынан бастайын. 

 

 

Бірі қасқыр болып киінем десе,бірі шырша болып киініп үйдің ішін әуре -сарсаңға салды ғой. Балалы үй базар деген осы болар сірә.

 

   Ал мен жаңа жылды өзімнің жұмыс жасап отырған балабақшадан бастадым, өзімнің "Күншуақ " тобында Ақшақар болып бастап,балалар мен ата-аналарға сыйлық таратып Аяз атаның көмекшісі болып жүріп бастап кеттім,кешке жұмыстастарыммен өте қызықта болды.

 

 

 

Мен Санта клаус болып киініп бастап кештің аяғын былай аяқтадым. 

 

 

    Кеште жұмыстастарым туған күніме сюрприз дайындап мені құттықтап,торт үрлетіп мені бір таң қалдырды.

 

 

 

 

 

Жаңа жылдық кеште билеп,көңіл көтеріп,ойнап мәз болдық.

 

 

 

 

 Міне мен жаңа жылды осылай қарсы алдым. Сіздермен бөліскім келді. Ал енді сіздер қалай қарсы алдыңыздар. Таяқшаны ешкімге ұсынбаймын.Өздеріңіз бастай беріңіздер.