Осыдан бір жыл бұрын

Осыдан бір жыл бұрын
жеке
блог

Осыдан бір жыл бұрын, 12 қаңтар күні мен массагетке тіркеліп, өзімнің ең алғашқы жазбамды жазған едім. Ол «Қуанышты сәт» деп аталған болатын. Сенбесеңіздер міне: http://massaget.kz/blog/4302.  Алғашқының аты алғашқы ғой...Пікірді санаулы ғана жандар жазған: Мұхтар Нұрбеков, Мейрамбек Ермұханбетұлы, Ай-керім Сматуллаева, Бигелді Темір, Ғазиза Ұзақ. Сонымен көзді ашып жұмғанша, міне менің сіздермен, сіздердің менімен болғандарыңызға бақандай бір жыл...

Бір жыл ішінде не істедім? Кейбір жұрттарға ұқсап ғылыми жаңалық ашпасам да,шимай ма, басқа ма не десеңіздер де, 88 жазба жазған екенмін. Бір рет дауыс берулеріңіздің арқасында жұлдызды блог қатарынан орын алып, типа жұлдыз болған екенмін. Массагеттіктермен екі рет кездесіппін. Бірінші кездесуді тіпті білмегенмін. Сабақ үстінде кенеттен болған. Ал екіншісі массагеттің туған күні ғой...

Өз пікірінде Ай-керім айтқан еді өзіңді таныстыратын жазба күтемін сенен деп. Ай-керім сенің үмітіңді ақтаған болармын. Өйткені, менің көп жазбам өзімнің өмірімнен алынған. Жүрегімнің тереңіне сыр деп сақтағандардың барлығын болмаса да, біразын ақтардым ғой...

Өткен жылы «Хабарда» жүргенімде, бір сценарий жазатын апай: «Гүлжан Серік деген интернетке жазғыш сен ба?» деген еді. Түсінбей не айтып отыр десем, алдында «Массагет» ашық тұр екен. Кейін әлеуметтік желілерде «Сіз массагетте жұмыс жасамайсыз ба?» деп сұрайтындар қаптады. Одан журфакта Есдаулет деген керемет жігіт бар, менің досым. Сол айтады: «Сенің бүкіл өмірің мен көңіл-күйіңді, жаңалықтарыңды массагеттен білетін болдық қой. Алғаш рет туған жердегі күзді көрдім дейсің бе, соңғы күн дейсің бе, сүйемін дейсің бе, өңшең бірдеңелерді білетін болдық».

Пысы: Достар, менімен бірге болғандарыңызға рахмет әлде мен сіздермен болғаныма. Не ғо, Алла мені сіздерден айырмаса, мен Есдаулет айтпақшы әлі талай бірдеңелерді жазатын боламын. Ақ-ерке айтып еді ғой, Гүлжан сенің ішің том-том блог деп...солардың бәрін шығарамын әлі...