Тачки

Автобусты күтіп мен,

тұрдым ұзақ сарылып

Әрі бері көп көлік

Жүріп жатты ағылып

 

Түрлі түсті, әдемі,

Шамдары да жарық тым,

Іші толған кептеліс

Алматыдай алыптың

 

Сығырайған көздері

Жапондықтар саптаған

Тайота мен хюндайлар

Көшелерде қаптаған

 

Хонда менен ниссанға

Жете алмас тасқын да

Кашкайы мен қоңызы

Әр қазақтың астында

 

Ауди менен маздалар

Орта таптың көлігі

Қарапайым жұртымның

Опель, пассат  серігі

 

Лимузин  деген кемелер

Сәні болды тойлардың

Оған қолы жетіп жүр

Әл-ауқатты байлардың

 

Эскалейд  пен Майбахта

Шененуніктер шалқып жүр

Әншілер мен басшылар

Геленд-пенен  қалқып жүр

 

Кезігеді  кей-кейде

Жигулидің дарасы

Көрінбеді бұл жолы

Москвич, Волга қарасы

 

Дамаз деген қортық бар

Жеткізбейтін құйынды

Сырттай кіші көрінсе

Іші болар сыйымды

 

Камаз деген алыбың

Бар жүгіңді арқалар

 Камаздардың иесі

Ақшаны көп қалталар

 

Төбесі ашық көлікті

Айдау қазір ерсі емес

Немістерден ағылар

БМВ мен  мерседес

 

Бірінен бірі асады

Көліктер көз қыздырып

Күтіп тұрдым автобус

Аязда мынау ызғырық

 

Суық өтіп аяқтан

Мұрынның ұшы мұздай боп

303 келді ау бір кезде

Жай басатын қыздай боп.

 

Қысылысып кептеліп

Шуылдасып, бүктеліп

Ырылдасып, таласып,

Жүріп кеттік жүктеліп.



Бөлісу: