30 жылдан кейін кездескен бейне... Немесе менің қызғанышым :)

Біздің отбасы бір қызық ше, былай қарасаң қатал сияқты былай қарасаң еркіндікте бар сияқты :) 

Қызығы сол біз үйдегі ағаларымның, папаларымның, барлық балалардың, апа-атамның алғашқы махаббаттары жайлы айтып, мазақтап, қалжыңдап отыра береміз. Мысалы менің алғашқы махаббатымды бәрі біледі, ағаларымда ауылға барған кезде соны айтып мені мазақтайды. Мен папамның інілерінде сол ғашық болған қыздарын айтып мазақтай берем. Бірақ, біз ешқашан мамаларымыздыкын айтпаймыз, себебі ол кісілерде ондай болмағандай ойлаймыз :) Олай айтсақ папаларымыздан бастап бәріміз қызғанып қаламыз мамаларымызды :)

Қызық, папам мектепте оқып жүрген кезде Разихан атты бір кісіге ғашық болыпты, бірақ бір ел болғандықтан да үйлену туралы ойламаған да ғой. Бірақ, апам сонда да ана қыздың әке-шешесіне барып шу шығарған ғой: "ана қызыңды ти, екеуі бір ел" деп. Негізі апам сондай адам, ештемеге қарамай ойындағысын айтып салады. 

Содан папам мектеп бітіргесін екеуі екі жаққа кеткен. Папам 20  жасында үйленіп алған. Содан опшым ана қыз папамнан кейін көп жылдан кейін үйленген. 

Осы қалаға көшіп келгеннен бері жаңағы қыздың Алматының маңында тұратынын біледі, іздеу салған ғой. Содан адресін тапқаннан кейін мамаға айтады "жүр, барып келейік" деп мамада добрый ғой "жарайды" дейді (ана жерде мен болсам, қырғын-төбелес болар ма еді?). 

Достары жиналып барып ол кісінің отбасымен танысып, ана кісіні үйге қонаққа шақырып келеді. 

Әлгі жерде бұрын мазақтаған кезде қызғанбайтын мен бұлқан-талқанмын ))) Папамды ана кісі ап кететіндей ))) 

Содан ана тәте келді, мен ол кісіні басқаша елестеткем ғой ))) Ұнамай қалды, мен тіпті идеалдандырып жіберіппін ше :) Папаның достары бәрі отырған кезде ана тате папамның достарының әйелдері жолдан қосылған деп жаман айтып қалды, біртүрлі жаман боп қалдым. Мамамдар кәдімгідей ренжіп қалды :). Қызық, біз де өз кластастарымыздың әйелдеріне өзімізше боламыз ғой... 

Ол кісі кеткесін папамды тағы мазақтап қоям ғой: "Қалай екен, алғашқы махаббатыңызды 30 жылдан кейін көрген" деп, папам күледі. 

Қызық, өзім ойлап отырмын да мен алғашқы махаббатымды көрмегелі точно 3 жыл болды, 30 жылдан кейін көрсем қалай болар екен а? 30 жылдан кейін, біз тіпті бір-бірімізді қалай ұнатқанымызды да ұмытып кететін шығармыз...



Бөлісу: