Қызғанам сені...

 

Қызғанам сені...

 

Атсада таңдар, шуағын төгіп, арайлап,

Өтсе де жылдар көркіңе сенің қарайлап.

Қызғанам сені сол атқан таңмен жылдардан,

Басылмас сезім көкірегімде тіпті жыл, айлап.

 

Қызғанам сені сен басқан әрбір қадамнан,

Қызғанам сені көз – көрген әрбір адамнан.

Ессіздеу болар бұл қылық бәлкім өзгеге,

Алайда сені қызғанам туған анаңнан.

 

Қызғанам сені шуақты, нұрлы күнненде,

Қызғанам сені ай, жұлдыз шығар түнненде.

Ай, жұлдыз түгіл қарасам сені мен тіпті,

Қызғанады екем естілер саған үнненде.

 

Қызғанам сені сен киген әсем көйлектен,

Қызғанам сені ұстаздан оқып, сөйлеткен.

Қызғанам сені өзімнен іштей қызғанам,

Сезімнен сені қызғанам сүйіп үйреткен.

 

Қызғанам сені сен жұтқан жұпар ауадан,

Ауырсаң тіпті қызғанам жанға дауадан.

Қызғанам сені қарайтын қара көздерден,

Ойлайтын сені қызғанам ғашық санадан.

 

Қызғанам сені ұлдармен күліп – ойнасаң,

Досыңнан тіпті қызғанам сені ойласам.

Қызғанам сені айнаңнан күнде қарайтын,

Қызғанам содан, көркіңе сенің тоймасам.

 

Қызғанам сені жамылар ала көрпеңнен,

Қызғанып сені жүрегім менің өртенген.

Қыстанда, күзден, көктемнен тіпті қызғанам,

Жазданда сені қызғанам жаным гүл терген.

 

Қызғанам сені өнерден өзің нәр алған,

Қызғаныш сезім бойыма менің таралған.

Арнаймын саған лаулаған ыстық сезімді,

Сезімім менің қызғаныштардан жаралған.

 

 Аманжолов Бекарыстан (2012жыл)



Бөлісу: