Мен ғашық болған бір бейне...

Мен ғашық болған бір бейне...
жеке
блог

      Мектеп бітіргеннен кейін армандаған мамандығым бойынша оқуға түстім.Ата-анамның қуанышында шек жоқ. Бұл қалаға әкем екеуіміз келген едік. Қала алақандағыдай шағын ғана екен.Бірінші институтқа бардық.Жатақханаға орналасып болғаннан кейін әкем үйге кетті. Басында үйрене алмадым,жатырқадым.Жалғызсырадым. Бірақ, қарбалас өмір басталып кеткеннен кейін үйренісіп кеттім. 

Әлі есімде бірінші қыркүйек. Ақ кофта,қара белдемше. Мектепке осылай барушы едік.Айырмашылық шашта бантик жоқ. Институтқа бардым, тобымызбен таныстық. Жалпы он сегіз қыз, жалғыз ғана ұл болды.Бірінші курстар жоғары курстардан ерекшеленіп,байқалып тұрады екен.Алғашында аудиториядан адасып, таба алмай кешігіп баратын кездерім де болды. 

Мен оны алғаш рет күздің сол қарбалас кездерінің бірінде жолықтырдым. Бір қызығы оны ағай деп ойлағаным.Сөйтсем студент екен.

Қараша айының соңғы кездері еді.Күн суық.Сабаққа таңертең асығып бардым. Алғаш рет шашымды жіберіп,боянып барған болатынмын. Дәрістен шықтық.Бір кезде төбемен біреудің тесіле қарағанын байқадым.Жалт қарадым.Сөйтсем сол мен ағай деп ойлаған студент жігіт екен. Оның көздері тұңғиық ерекше екен. Сол сәт бір есімнен кете қоймады.Өзімен өзім оны ойланып, нұрланып отыруды әдетке айналдырдым.Өзгеріп кеттім.Білмеймін. Сөйтсем ғашықтық сезімі кеудеме  есік қақпай кірген екен.  Содан бері сол сезім сергелдеңімен әлек болып келемін. Кейде түсіме де енеді.