Бір өкініш, бір үміт

Бір өкініш, бір үміт
жеке
блог

Естеріңізде ме, менің сүйікті кітабым «Бір өкініш, бір үміт»? Құр отырмай, сол баяғы әдетімше, ұнаған ойлармен бөлісіп отырайын. Ұнағаны болса, түртіп қоярсыздар...

*«Өз әйелімді сүйе тұрып, тағы басқаны ұмыта алмауым, тіпті, сағынуым, бала күннен бірге өскен досымды бар пейіліммен сыйлай тұрып, онымен қырғи қабақ жандармен де жылы сөйлесуім – осының бәрі не қылық, адамгершілік пе, екіжүзділік пе?»

*...сынға төзе білу де жазушылық. Ең әділетсіз сынның да түбінде түйір пайда жатады: ашындырады, ширықтырады, әйтеуір, қалыпты күйіңнен қозғалтады – ол да сынның бір міндеті ғой.

*Байқамаймысыз, сыншылар сұйылып бара жатқан сияқты. Талдап, түсіндіріп пікір айтпайды, тек тұжырым жасайды. Соған қарағанда, осылар кімді мақтап, кімді даттау керегін алдын ала белгілеп ала ма деп қорқам.

*-Айтпадың деме, түбі сен осы «үндеме, ұят боладыңнан өкінесің». Ұяты бардан ұят болады, ұяты жоқпен ұят сақтамай сөйлесу керек.

                   сезім

*«Елді сөгемін, байқамай өзім де бірте-бірте батпаққа батып бара жатқам жоқ па?»

*Біреу қойған сұрақтан өйтіп-бүйтіп бұлтарарсың, өзіңе өзің қойған сұрақтан қашып құтылу қиын екен.

*Е-е дей берсең, ел не демейді.

*Ал біздің өмір сүруіміз де, өткен өмірімізді  еске алуымыз да – бәрі ой, бәрі азап, бірі сағыныш, бірі өкініш, өмірдің өткінші екенін ұғып қалған соң, тыным алмайтын сияқтымыз.

        үміт

*Бұға берсең, сұға береді бұлар. Өзіңдікі дұрыс па, ешкімге есеңді жіберме. Ажалың жетсе, қарап жүріп те өлесің.

*Түһ, осы жасық мінезім-ақ түбіме жететін шығар менің!

*Апырмай, күдік шіркіннің де күтпеген жерден қылт ете қалатыны-ай десеңші!

*Барлық әрекетті былай жиып қойып, тек соны ойлай бергім келеді, ойлай бергім келеді.

       қыз

*Қызғаныштың мұншалықты тез, тіпті, титімдей нәрседен тұтанатынын кім білген.

*Адам бойындағы ең ғұмырлы, сірә жанды нәрсе, әй, үміт шығар. Қылдай ілдалдаға таудай үміт те ілініп тұра береді ғой.

*Сағынып келгенде сен туралы ондай сөз есту маған да оңай деймісің.

*Өз басыма келген сөз бе, жоқ біреуден естігенім бе, білмеймін, «Біреу махаббаттың балын татса, біреу азабын тартады» - деген пікір тілімнің ұшына орала берді.

        ой

*Мүмкін емес секілді. «Жаным!» - деп еді ғой бейуақыт кездескенімізде, «жаным!» дегенді де жалған айтуға бола ма? Қалай айтады? Апырмай, таңертең ғана, мен үйден ат әкелуге шыққанда, аспан шайдай ашық еді, қазір де бұлт жоқ, бірақ айналаны аппақ мұнар тұмшалап алыпты. Күн бүгін қандай сүреңсіз еді, тегі.

*Қазаның қатыгездігін өз жақыныңнан айрылғанда барып қана түсінген тәрізденеді екенсің. Қатыгездігін ұға тұрып, сол қатыгездікке төзу керектігіне де көз жеткізесің.

*...болашағымды ойлауға өзім қорқам.

*Әрине, бір-бірімізді бұдан кейін де көруіміз мүмкін, бірақ, енді ешқашан бәріміз бірігіп бір мектепте оқымайтынымыз хақ қой.

  қыз ой

*Біреуді қинауға келгенде бұл адамдар қандай шебер!

*Ол мен құсап сен үшін өзін құрбандыққа қия алмайды, өзін сенен қымбат санайды, ал мен үшін сенен қымбат ештеңе жоқ.

*Апырмай, әйелге келгенде үлкендердің бәрі білгіш, әрбірінде бір-бір хикая.

*Сен менің өзімді ғана алдап қойған жоқсың, маған да біреуді алдаттырдың.

*Ешкімге, бар адамға сенбей кетсем де мен саған өлердей сенетінмін.

*Сен мені сұмдық өзгерттің...