Ана тілің алпыс тілге татиды...

Ана тілің алпыс тілге татиды...
жеке
блог

Тіл-халықтың жаны. Тіл-адамның барлық саналы әрекеттерінің құралы; оның өнерлі, білімді, мәдениетті болып өсуіне ықпал етеді.Тіл-әр халықтың кешегі жүріп өткен жолын бейнелеуші, тарихының куәгері.
Тіл мен халық-егіз.Біздің мемлекеттік тіліміз-қазақ тілі. Қазақ тіліндей көркем тілдің қадірін білмеу ұят.Өз елің,өз жеріңде тұрып, тәуелсіз мемлекеттің мемлекеттік тілін сылтау, себептермен үйренбеу елдігімізге сын.Әрине, мен орысша білме, ағылшынша сөйлеме демеймін. Шамаң келсе, бүкіл тілді үйрен. Тек өз тіліңді қорлап,ұмытпасаң болғаны.
Бірақ бүгінгі таңда сол туған тілімізді қорлап,өзге тілдің құлына айналған жастарымыз қаншама?!Қоғамдық орындарда болсын, кез келген жерлерде қарап тұрсаңыз, екі қазақ бір-бірімен орысша сөйлесіп тұрғанын көресіз. Сонда дана бабамыз Төле бидің:"қазақ тілінің бүгінгі қадірі таздың шашында, соқырдың көзінде, пұшықтың мұрнында тұр" дегені, осы күнгі жағдайды меңзеп тұрғандай секілді көрінеді. «Балық басынан шіриді» дегендей, тіпті, билік басындағы жоғары лауазымды ағаларымыздың өзі бір ауыз қазақша білмей, орысша сөйлеп жатады. Мұның өзі «жығылғанға жұдырық» болып отыр.Өкінішке орай, қазіргі жаФстардың санасында «орысша білмесең оңбайсың, ағылшынша білмесең адам болмайсың» деген пікір қалыптасып кеткен.
Менің айтпағым, өзге тілді білгенді дұрыс емес демеймін. Дұрыс, басқа тілді де үйрен, сөйлей біл. Тек өз тіліңді қорлап, қадірін кетірме. 
Қорытындылай келгенде, ойымды Мұхтар Шахановтың «Тамырсыздану қаупінің тұжырымдамасы» өлеңінің бір шумағымен аяқтағым келеді:
Өз тіліңді менсінбеудің,
Өз еліңді жерсінбеудің,
Арсыздығы қай дәуірде болып еді тапқырлық.
Ол-рухани мүгедектік
Әрі ұлттық сатқындық!