Көршінің қызы бәрібір керемет

...жанарың өзгені, жүрегің тым бөгде жанды, көңілің  басқаны, ал, ақыл... ақыл тіпті жүрек ойламаған жанды... ұнатады, сүйеді... Қайсысына жүгінсем екен...

Н.ғ.: ...сүю деген - біреуге азап, біреуге ғажап... біреуге керек, біреуге ермек... Сізге ше?... деп сұрасам, таяқтың бір ұшы өзіме келіп тиері тағы рас...

***

...Еркек, ер адам жарайды, ішсін, сол іріңді солар-ақ ішсін (негізі ішпегені дұрыс, қай тұрғыда да). Ал, әйел адамға не жоқ десеңші?! Әйел адам тіпті жәй "ұрттап" алғанда, он күн қатарынын ішкен еркектен бетер сүйкімсіз болып, үйдің берекесін бірден қашырып жібереді екен. Нәзік жандылар, ішкенде қандай "ғажап" күйге енетіндеріңізді білмеймін, білгім де келмейді. Бірақ, өтініш, "ұрттамай-ақ" қойыңыздаршы. Көңіл үшін де, өмір үшін де, денсаулық үшін де... Жараспайды. Рас айтамын.

Н.ғ.: ..."үйдің берекесі әйелде" деген рас екен...

***

...Кеше. -"Менің атым - Қожа!". Қанеки, "Тоғызыншы ұлдан сақтан!" немесе "Жүйрік болсаң озып көр!", сонда "Махаббат бекетіндегі" "Тақиялы періштесің" бе, көрелік...

...Бүгін. - "Менің де атым - Қожа!". "Ғашық жүрек" әлде "Тракторшының махаббаты" болсаң да, "Өкінішіңе", тіпті "Шал" мен "Келін" екендігіңе қарамастан, "Ағайындыларға" айтып, "Қайрат - чемпион" екенін дәлелдеймін...

...Ертең...? 

Н.ғ.: ...Кино саласына қатысты ештеңе де айтып тұрған жоқпын. Біткен іске сыншы көп. Менікі жәй "мылжың" ғой. Қолымнан кино түсірмек түгілі, сценарий жазу да, ойлау да келмейді. Тек айтпағым: "заман басқа, заң басқа" немесе "көршінің қызын қарашы, бәрібір сенен де керемет!"...

Сурет: google.kz сайтынан ноутбугыма көшіріліп алынған еді...



Бөлісу: