Дауылды кештен кейін!

Айгерім мектептен көңілсіз қайтып келеді. Бар ойы әкесінің тез сауығып кетуін тілеумен келеді. Айгерім биыл 11 сынып оқушысы. Алда күтіп тұрған сынаққа дайындалуға уақыты жоқ. Мектептен келе сала үйдің күйбең тірлігіне кірісіп кетеді. Одан қала ауруханда жатқан әкесіне тамақ істеп, көңілін сұрауға барады. Әкесі құрылысшы еді. Құрылыс алаңында аяғын ауыртып алған-ды. Басында мән бермеген, ол асқынып біраз әурешілік тудырды. Отбасында жалғыз анасы жұмыс істеп жүр. Оныңда мардымсыз жалақасынан қайырым жоқ. Күйбең тіршіліктен шаршап, ойланып келе жатып, көзінен ыстық жастың тамшылағанын да байқамай қалды. Жанына бір қарт аяңдап келіп не болғанын сұрады. Айгерім басынан өтіп жатқан қиындықтардың бәрін баяндап берді. Қарт:

-Қызым, дауылды кештен кейін шуақты күн шығатынын естен шығарма. Алла қаласа бәрі өз орнына келер, тек үмітіңді үзбе, қарағым,- деп, қарт жүріп кетті. Қарттың сөзі Айгерімге күш бергендей, болашағына үмітпен қарады. Көп ұзамай әкесі жазылып келді, үйінде бұрынғы шаттық қайта орнады. Айгерім де сынағынан жоғарғы ұпай жинап, оқу грантын жеңіп алғанына ата – анасы да дән риза!



Бөлісу: