Қайран шала қазағым...

 

Қайран шала қазағым....

 

Кез –келген дамыған елдің алдыңғы шартта өз тарихы, тілі, діні, тұрақтылығы мен толеранттылығы, содан соң экономикалық жетістігі болуы тиіс. Осы шарттардың бірі орындалмаса, ол мүгедек адам сынды. Қарапайым түрік мектептері сабақтарды тек түрік тілінде жүргізсе, Перуліктер мемлекеттік тілді білмегендерге айыппұл салады. Осындай алғы шарттар мен олар өз тілдерін сақтап қалуда. Тіпті көршілес, өзіміз баспана салдыртып, рахатын көріп жүрген өзбек халқы жиырма жылдың ішінде бір ретте болсада тіл мәселесін көтермеген. Енді өзіміздің ұшқан құстың қанаты талып, шапқан жүйріктің тұяғы шалынар алып Қазақиямызға келейік. Дамыдық, жетілдік, өзгемен терегеміз тең болды деп айқай салатын біз, тіл мәселесіне келгенде ол тараудың бетін жылы жауып қоятынымыз бар. Бұл күндері кез – келген кісінің аузынан қарапайым “привет, да так, да ты что, салемчик” деген сөздерді естиміз. Қарапайым қара көз бауырларымыздың арасында жаны қазақ, қаны қазақ бола тұра ана тілінде шала сөйлейтіндер жетерлік. Тіпті кей мекемелерде қазақша білмей, қазақтың қамын жейтіндерде бар. Алып Қазақстанда 67% пайыз тұрғын ғана қазақша сөйлейді екен. Ал енді ойланайық, халқының көбі қазақтардан құралатын бұл мемлекетте тек осынша пайызы ғана өз тілінде сөйлейді. Сонда біз қалайша өз тілімізді көтермекшіміз, егер өзіміз ана тілімізді шала сөйлеп жүрсек. Иә, қазағым жағдайымыз тамаша деп айта алмаймыз. Біз қызық болсын деп бірнеше бала бір күнде кім қанша орысша айтатын, яғни орысша сөздерді қолданатынын сынап көрдік. Сонда өз – өзімізден ұялдық. Бір – біріміздің аузымызды аңдып, айтпаймын дегеннің өзінде әр қайсысымыз 134 рет орысша сөз қолданыппыз. Сонда бұл әдет боп кеткен бе? Не деген масқара! Өз – өзімізден ұялғандықтан бір сағат үнсіз отырдық. Бірақ, бір жағынан 70 жыл Кеңес Одағында болып, атеистік көз қарасқа үңіліп қалған бізге, бұл кешірімді де шығар. Сонда бізбен көршілес, бізбен бірге тәуелсіздік алған мемлекеттер қалайша бұл кеселден арылды? Қалайша оларда осы жиырма жыл ішінде бірде – бір рет тіл мәселесі тумады? Тоқ етері  қателік өзімізден екен ағайын. Елбасымыз осы кеселді түбегейлі жою мақсатында арнайы бағдарлама қабылдады. Ендігі үміт сонда. Бірақ қанға сіңген бәледен арылу оңай емес. Сондықтан жас достар өз ана тілімізді былғамай, таза сөйлейік



Бөлісу: