Жаңа жыл құтты болсын, "Массагеттік" достарым!

Жаңа жыл құтты болсын, "Массагеттік" достарым!
жеке
блог

Құрметті де қымбатты достар!

Келер жыл барлықтарыңызға қуаныш, жаңа ұмытылмас әсерлер мен үкілі үміттер сыйласын! Жылқы жылы ұшқыр арман-қиялдарыңыз бен ақ тілек ниеттеріңіз орындалатын жарқын да көңілді, табысты әрі мақсатты жыл болуын тілейміз! Сәтсіздіктер өткеннің еншісінде қалып, өкпе-реніштер ұмытылып, достық пен сүйіспеншілік дәуіріне жол ашылғай! Барлық бастамалардың бағы жанып, сүйікті істеріңіз қанағат әкелсін, жаңа білімдерге, жаңаша тәжірибеге, биік кәсіптік белестер мен асқар асуларға жетелесін!

Жаңа 2014 жыл құтты болсын! Мейірім сәулесі мен шапағат шуағы молынан болғай!

Келесі Ағайындылардың бейнеқұттықтауы тек өздеріңізге арналады! Көңілдеріңізден шығады деген үміттеміз!

Ізгі ниетпен, "ST brothers" этно-джаз дуэті