Жаңғырық өліп ішімде...

 ...бірқызық.

Жүрегім тұрғандай өңешке тығылып.

Барады тамағым сырылып.

Сірә, мен тағы да қалдым-ау,

Өмірдің жолында жығылып.

Жанарға үңіліп сырды ұғып,

Рұқсатсыз жүректе қыдырып.

Жаралап, сыздатып кетеді...

Адамдар барады-ау суынып.

Тағы да баяғы қу үміт,

Бейнесін тұр әні, құбылтып.

Жаураған жанымды кім келіп,

Тұрады «ақысыз» жылытып?

Құдай-ау баяғы қу үміт...

Жүрегім өңешке тығылып.

Қалайды-ау кеудеден шығуды,

Жатқанша қансырап, бұғынып...

///

...жаңғырық!

Ішімде өлген қу тірлік!

Аласұрған кейіпіңнен таймастан!

Жанұшырып салып айқай "таңды ұрып"...

Не ұтпақсың, айтшы, сонша керіліп?

Шығармастан титтей елі маңыңнан,

Қандыратын құлақ хәлін салып ән...

Шаршатпашы мендік мұңлы ойларды...

Орындалмас сол бір арман ешқашан...

Үміт шоғы сөніп, әні, барады...

Талықсиды, өрекпиді, талады.

Бірер сәтте құлдилайды құз жаққа,

Ал, біресе шырқап әнін салады.

Ұйқас іздеп шарқ ұрғанда саналы ой,

Жүрек қаңғып, босаңсиды әлсіз бой...

Сол бір мөлдір көздер салса назарын,

Жан-дүниемде ұлан асыр, болар той.

"Тоқтат, қане, есіңді жи" - дейді ақыл,

Бұл заманда ақ көңілің шын пақыр.

Місе тұтпай, сені барға санамас,

Тірі жан деп бұрылып та қарамас.

///

..адамнын азса ақылы,

Аузынан шығар арзан сөз.

Ой менен сөздің жақұты,

Ақылға телір нағыз бөз.

Көп көпірген адамның,

Аз білері ақиқат,

Ондай «арзан» адамды,

Акымақ та таниды-ақ...

Ақылың аз болса егер,

Қасқыр болып тусаң да.

Талпынбағын, ей, «біреу»...

Көк бөріге ұқсауға.

Менменсіген адамның,

Іші кеуіп, жарылар.

Сараң, арам наданның,

Тауы бір күн шағылар.

Келгеннен соң адам боп,

Адам болып кету жөн.

Тағдырдың әр сыйына,

Қанағат қыл, үнсіз көн...



Бөлісу: