Ұшқынның бір жылдық қорытындысы – 2

Ұшқынның бір жылдық қорытындысы – 2
жеке
блог

Бір жылды артқа тастап, осы жылға қорытынды жасайтын кез де келіп қалыпты. Кезексөз кезегі келмесе де жазғаным үшін айып етпессіздер :)

Бұл жыл барынша сапарға толы болды деп ойлаймын. Астанаға үш-төрт рет ат ізін салдым. Туған қалам Оралға демалысқа бардым, жолшыбай Ақтөбеге соқтым. Шымкентке де жол түсті. 

     Астанада   Шымкентте

Түрлі бағдарламаларға, жұмыс бабымен түрлі шараларға қатыстым.

Бір құрбымды жоғалтып, бір құрбыммен табыстым...

   

Ұлттық өнерді ұлықтаған шаралардан қалмадым. Театрдың табалдырығын тоздырмасам да, жиі барып тұруға тырыстым. 

 

Туған жерім Оралымның топырағында аунап-қунап қайттым... 

Тосын қыдырыстар мен отырыстарға тап болдым. Табиғатпен тілдестім. 

 

Жеке өміріме тұрақтылық енгіздім. 

Тойларда қуаныштарды бөлістім. 

Бұл жылы hand madе-ке деген ерекше қызығушылығым ашылды. 

 

Пәтерден-пәтерге сабылып, Алматының төрт бұрышын аралап шықтым. Өзім сияқты пәтер жалдайтын біраз адаммен танысып, біраз тағдырлардан сабақ алдым. 

Кейде мына тар өмірден баз кешсем де, оның бәрі уақытша қиындық ретінде артта қалды. Біраз адамнан бұл жылы аңғалдығым үшін таяқ жедім. Сондай кездерде әйел жазушылардың романдары мен әңгімелерінен жаныма дауа іздедім. 

Көп адам өзінің қиындығы туралы сөз еткісі келмейді. Таныстары оқып қойып, таба қыла ма дейді-ау. Бірақ қазір біреудің біреуге күлетін, біреуді біреу өсек қылатын заман емес. Әркімде, осы жолдарды оқып отырған сізде де ешкімге айтылмайтын құпия ретінде бір қиындық жатыр. Сондықтан өз-өзіңізге есеп беруде әділ болғаныңыз жөн-ау... Ең алдымен өзіңіздің алдыңызда. 

Айтпақшы өмірімде бірінші рет футбол стадионынан футбол көрдім. Бұрын тек қана қазақстандық болғаны үшін спортшыларға жанкүйер болсам, бұл күні футболды, боксты бұрынғыдай сандырақтап емес, кішкене түсініп көретін болдым. Массагеттегі "Спорт" бөлімінің арқасы ))) 

   

Бұл жылы мен өзімнің бұрынғыдай кішкентай қыз емес екенімді ұқтым. Отбасыма, анама сүйеу бола бастадым...

Бұл өмір дегеніңнің шытырманы мен тарауы көп болса да, кейде тығырыққа тірелгенде әйтеуір бір жол сығалап қарап тұрады екен. Өз-өзімді алға сүйрейтін күш таптым.

Енді ешқашан қайтып айналып келмейтін 2013 жылға беретін бағам – 5! Осы өмірде бар екенім үшін, арман арқалағаным үшін бақыттымын!