Әкежан

Әкежан ыстық еді от жанарың,

Біздерді бақытыңа сен баладың.

Қиналсақ, қуаныссақ сен көзіңді,

Мейірім нұрға бөлеп көп қарадың.

 

Өмірде туралықты, адалдықты,

Үлкенге құрмет қылып амандықты,

Сұрауды сен үйреттің әке бізге,

Аулақ қып бойымыздан жамандықты.

 

Үйреттің-ау сен бізге бәрін бәрін,

Түсіндіріп, көрсетіп өмір мәнін.

Аллаға шүкір еттік мәңгілік біз,

Иманмен сусындатқан жүрек нәрін!

 

Әкежан – биіксің сен, асқар таусың,

Тұлпар болсам қырыңда баптағансың.

Қыран болсам көкте мен әуелеген,

Биікке, шыңдарға да сен самғаттың!

 

Әкежан – ыстықсың сен, белессің сен!

Өзіңнен артық жанды көрмеспін мен.

Өзіңнен жиып бойға қайсарлықты,

Дауылдарға тайсалмай төтеп берем!

                                  Нұрлан Өтепов Ырысқалиұлы




Бөлісу: