Өткен жылға өкпем жоқ ;)

Өткен жылға өкпем жоқ ;)
жеке
блог

Сәлеем, қазақ елі! Жалпы мынау менің бірінші эстафетам екен жұмбақ блогерді санамағанда))))Эстафетаны қайта бастаған Назға, таяқшаны берген Өмірбек ағаға алғысым шексіз!) Осы жылда өмірімде елеулі өзгерістер көөөп болды. Бәрі ретімен. Ендеше, кеттік ;)

Жыл цитатасы: Әр істің бір қайыры бар

Жыл адамы: ата-анам, менің гемоглабинымды көтеру үшін күүүнде альпен голд әкелетін адам)) және жүрегі  Шымкент деп соғатын, түнде болмайтын нәрсені ойлап, жылайтын өзіміздің Есіл еркесі ғой)

Жылдың ең үздік танысуы: биыл танысулар көөөөөөп болды енді) арманда жүргендермен де таныстым, әлі де танысып жатырмыз) енді ең үздігі сөзсіз Массагеттіктермен танысу ғой) ең бастысы Мейіргүл Оңғарованы көрдім)

Жылдың ең үздік тағамы: «жарты» донер) түгел біреуін жесең үлкееен, берекетті алады)сол үшін жартысы) аааа сосын, демалыста үйді сағанып барғанда әжемнің бааарлық дайындаған тағамы)

Жылдың ең үздік сусыны: Фильтрленген су) Былтыр Ақжелең жазып еді литірі 10 теңге тұратын деп, тап сол су) Астананың сулары біртүрлііі((

Жылдың ең керемет күні: ҰБТ-ны тапсырып, алтын белгіні ақтаған күн.

Ең үздік кеш: ....... айтуға болмайтын кештер көп болды ;)кеш емес енді, сонда да белгілі бір мақсатпен «НҰР ОТАННЫҢ» төбесіне шыққан кез) Астанаға келгелі мәәз болып қуанғаным сол кез шығар)

Орындалған арман: Аллаға шүкір, барлық арманым орындалды. Бірақ армандаған ҚазҰУ-ға ақыры жібермеді папам...

Жылдың үздік киносы:  «Ты – мой дом» мен «Потому что люблю»

Жылдың үздік мекені:  Астана вокзалы) Үйіме жақын тұрғандай сезінем өзімді) «номері 87 Астана-Орал поызы бірінші жолға келіп тоқтады» деген мені бақытты қылатын бірден-бір сөйлем) Сосын баста үйімді сағынғанда осы жерге кеп жылайтынмын)) ахаха) маған ұнайтын жерSurprised

Жылдың үздік кітабы: Тахауи Ахтанов «Шырағың сөнбесін»

Жыл сыйлығы: Массагеттің кружкасы) қазір мәәз болып шай ішіп жүрмін) сосын Түркістаннан біреу бірдеме әкелем деп ед) мүмкін сол да болып қалар Wink

Жыл жаңалығы: жазда қыз жолдас болады екем, той өзімнің сүйікті Түнгі Оралымда) ааа нісосын өзіміздің Ақтөбенің красавчиктерінің чемпион болуы, әрине)

Жыл шытырманы: сағат 23:00ге жақын, жатақхананың жабылатын кезі, ал сен әлііі сол жағалаудасың. Міне осы кез нааағыз шытырман)

Жыл өкініші: көзден кетсе, көңілден де кетеді.

Рухани жаңалық: МЕН СТУДЕНТПІІІН)Foot in mouth

Жаңа жылда жаңа табыстар тілеймін. Жаңа жылдарыңызбееен!! Назарларыңызға рақмет!)