Жетім шумақтар

Жүрегің сенің - ақ торғын шыттай,

Жүрсің бе оны әлі ұмытпай.

Наздандың оған, қарасы батсын,

Неғып жүр байғұс сен жақтан шықпай?

* * *

Қош енді, қош бол күрең күз...

Тәубе қып біз де жүрерміз.

Көңілдің мұңы сарқылып,

Келесі күзде күлерміз...

* * *

Күз - ол, сіз, біз...

Бәріміз үнсіз...

Жүректе мұз?

Әлде сезімсіз?

Бәлкім төзімсіз?

Алдымыз құз...

* * *

Шешіне ғой,

Шеш мына хиджабыңды!

Құр кигеннен,

Күшейтпес иманыңды.

Қазағымның дәстүрін дәріптейтін,

Қамзол ки, кимешек ки, шолпы тағын,

Осылар арттырады иманыңды.

Халқыңның дәстүрін біл, салтын сыйла,

Басқаның "кереметін" босқа жима!

Кез келді түгендейтін жоғымызды,

Қазақы ибалықты бойға жина!

* * *

Бір қуаныш, бір қайғы...

Ойымды менің шырмайды.

Күлімдеп тұрса көздерім,

Жүрегім жылап жырлайды...

* * *

Бақыт мәңгі тұрсын десең басыңда,

Қанағат қыл ашуланба, тасынба.

Мейірім жоқ деп ренжуің бекерлік,

Анасы жоқ адамдардың қасында...

* * *

Менің де атар бір таңым,

Алдымда биік жыр тауы.

Қиялға жазып сөзімді,

Оқимын, қайта жыртамын.

Көрінбес көзге сыр-сағым,

Кеудемде сөнбес жыр жалын.

Көбесін сөгіп сол жырдың,

Арнаймын саған, сырғалым...

* * *

Ей, жігіт, қалыпсың ғой –

махаббаттың шарабына мас болып,

Жүрсің әр кез жанарыңа жас толып.

Сезесің бе сұлу қыздың жүрегі,

Қатып қалған, қатып қалған тас болып...

 

(Массагетке тіркелгеннен бері өздігінен жарық көрген жетім шумақтар, өлең емес бірақ...)



Бөлісу: