Аяз атаға жазылған үздік хат

Достар!
Бала күні барлығымыз Аяз Атаның барына сенім білдіріп, оған хат жазып, Жаңа Жыл кешінде армандарымыздың орындалуын тағатсыздана күтетін едік. Бүгінде де сіздердің кішкентай іні-қарындастарыңыз, жиен-бауырларыңыз, ұл-қыздарыңыз Аяз Атаға хат жазып, өз қалау-армандарымен бөліседі деген ойдамыз. Сол себептен де Жаңа Жыл мерекесі қарсаңында «Аяз Атаға жазылған үздік хат» байқауын жариялаймыз. Балалардың хаттарын суретке түсіріп, сканер немесе көшірмеден өткізіп мына электрондық мекен-жайға жіберуге болады: stvarnasy@gmail.com. Қызықты хаттардың авторларын Жаңа Жыл мерекесінде СТВ телеарнасының эфирінен көрсететін боламыз. Хатпен бірге баланың фотосуретін, ол жайлы қысқа ақпарат және ата-анасының байланыс телефонын жазып жіберуді ұмытпаңыздар. Хаттарды 27 желтоқсанға дейін қабылдаймыз.

Іске сәт, достар! Жаңа Жылдарыңызбен!

Суреттер Google.com арқылы табылған




Бөлісу: