Таныстыру

Массагеттіктер!!! Барлықтарыңызға жалынды САЛЕЕМ!!! Жағдайларыңыз қалай?!

Менің көңіл-күйім тамааша,өйткені дәл қазір өзімнің сүйіп оқитын Массагетке алғашқы жазбамды жазып отырмын. Қуанышымда шек жоқ,сіздердің блогтарыңызға пікір калдыру менің арманым еді,енді ол арманым орындалатын болды!Айтпақшы өзімді таныстыруды умытып кетіппінғой  Сапарова Асылай Нұрлыбекқызы 1998 жылы тамыздың 22-ші жұлдызында дүниеге келдім(дүниеге әкелген анама алғысым шексіз)негізі сентябрьда дүниеге келуім керек еді,бірақ тез шығуға асыққан шығармын,1 ай бұрын дүние есігін аштым және оған қуаныштымын!

Массагет мен сені жақсы көремін,ал оның жазушыларын одан да қатты жақсы кореем!Әсіресе жұлдызды блогтардан түспейтін Ай-керім Сматтуллаева,Ардақ Құлтай т.б аға-апаларымыздың жазбаларын сүйіп оқимын,шынымен...

Мінезімді аңғарып отырған шығарсыздар:ешкімге ренжи алмаймын,көңілді жүремін,достарымды сыйлаймын ж\е корей телехикаяларын жақсы көремін.

 Алдағы уақытта барлықтарыңызбен жақын дос боламын деген сенімдемін!

Келесі жазбада көріскенше!!!

Сіздерді сағынамын!

 



Бөлісу: