Жазу керек

Жазу керек...

Таңда, түсте, кешке, түнде айналып,
Ұйқы келмей жата алмадым жайланып.
«Жазу керек» деп жүргенде түнде өлең,
Күнге кезек беріп қояр ай барып.

Жазу керек! Нені жазам бірақ мен,
Таба алмай жүр дертім баста тұрақты ем.
Шақша басың шарадай боп іскенде,
Мұқағали сенде түнде жылап па ең?!

Жазам дедім, қалам алып қолыма,
Басымдағы дүниенің барына.
Жаза алмадым. Шимай сала беріппін,
Ақ қағаздың дақ түсіріп арына.

Жазу мені күттің білем аңсап ең,
Тудыра алмай қойдым сеуіп қанша рең...
Уысымда қанша қағаз мыжылып,
Уысымда өліп кетті қанша өлең....

Шабыт –қамшы жон арқамнан тілімде,
Менен шығар үлкен ақын түбінде.
«Үлкен» қылар бір ауыз сөз мыжылған, 
Ақ қағаздың жатқан шығар бірінде.



Бөлісу: