Мінез - жанның айнасы

       Біз күнделікті өмірде "Мінезі-қиын", "Бірде - бүйе, бірде-түйе мінезді" немесе "Мінезіңді өзгерт" деген секілді пікірлерге кез боламыз. Менің пікірімде, мінез-кімнің-кім екенін танытатын, ана сүтімен бойға даритын қасиет.Ал оның өзгеру,өзгермеуіне тоқталсам, Құнанбайдың баласынша айтайын: "Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім". Менің ойымша, өзгеретін мінез бар да, сәйкесінше өзгермейтін мінез де бар. Төменде мінез жайлы әлемнің ұлы ойшылдарының пікірі,көзқарасы көрсетілген. Бұл ойлармен ұштастыра отырып, Сіз де өз ойыңызды айтыңыз. 

Сіз не дейсіз?!

1.Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты.                Әл-Фараби

2.Тәуір мінез білімнің аздығынан гөрі, жігердің жетіспеуінен көбірек жапа шегеді.                           Г.Спенсер

3.Мінез-принцип бойынша әрекет етуге қабілеттілік.  И.Кант

4. Мінез дегеніміз моральдық әдеттердің жиынтығы. А.Стендаль

5.Мінез-құлық-әркім өзінің кейпін көрсететін айна.   И.Гете

6.Мінезі бірқалыпты адамдардың өмірі де жайма шуақ болады. Демокрит

7.Сенім әдет болып қалыптасқанда ғана мінезге айналады. Тек қана әдет арқылы адам өз мінезін қалыптастырып, ойы іске айналады. К.Д. Ушинский




Бөлісу: