Мен махаббатты таңдаймын. Мені бақытқа жетелейтін жол.

Жазды күні осы бір кітапты оқыған едім. Ұнады деп айта алмаймын. Бірақ, кез келген дүниенің адамға берер бір ойы болады екен. Кітаптың авторы бәрімізге «Няня Вика» есімімен танымал әртіс Анастасия Заворотнюк. Неге бұл кітапты оқыған бұл қыз дейтіндерге жауап: тақырыбы тартты.

                

**Әйелдердің барлығы әрине әдемі көрінеді. Күлген кезде. Оның үстіне олар бәріне бірдей күліп қарамайды. Тек айтулы жанға қарап жымияды. Осы арқылы оның өзгелерден ерекше екендігін көрсетеді. 

**Қайталап айтамын: алдымен өзіңді жақсы көру қажет. Одан соң, сол бақытқа лайықты тек сен екендігіңе сену керек. Яғни, махаббатқа да. 

*Мен тірімін! Маған қарым-қатынас қажет, түсінесің бе? Тірі. Адами...Мен кейде ерлердің көзіме тік қарағанын қалаймын. 

*Егер сен өзіңді және айналаңдағыларды жақсы көрсең, өмірді сүру әлдеқайда жеңіл болады.

**Көшеге шығар алдында міндетті түрде көңіл-күйіңе назар аудар!

**Әлемге танымал өткен заманның миллиардері Аристотель Онаровтың айтқан сөзі бар: «Егер мына әлемде әйелдер болмаса, онда ешқандай ақшаның құны мен мәні болмас еді» деген.

*Табысты тойдың формуласы бесеу. «Б»: белшесінен тою-белшесінен ішу-билеу-бұзақылық жасап төбелесу-біреудің ақшасын санау.

*Әр күн, әр секунд, әр сәт сайын бақытты болу. 



Бөлісу: